Мен қандай іс тындырдым?

Мен қандай іс тындырдым?
жеке
блог
Күндеріміз зымырап, айлар мен жылдар көзді ашып жұмғанша өте шығуда. Кейбір сәттерде тез есейіп, болашақтан күткен зор үмітімнің нәтижесін күткендей боламын. Ал кейбір сәттерде зулаған сағаттарды тоқтатып қойып, қалаған ісіме қол жеткізіп, мәселелердің түйінін шешкім келеді...
Күнделікті өмір ,күнделікті тіршілік қайта-қайта қайталанып адамды мезі етеді. Ешқандай таңқаларлық , есте қаларлық сәттер жоқ . Тек таң азаннан кеш батқанға дейінгі оқу уақыты мен тамақтанып, жаттығу жасау уақыттары бар. Бақытты балалық шақты есте қалардай өткізбесем де, ата-анам мен бауырларым сыйлаған қуанышты сәттер жадымда мәңгі сақталады...
Арнайы ережелер мен қатаң тыйым салынған қағидалар. Жаның қалаған іспен құлшына шұғылдана алмау, бәрі -бәрі адамды қажытып, өмірге деген көзқарасты төмендетеді. Жасөспірім өмірде осындай қиындықтарға шыдай алмайтын жеткіншектеріміз не ата-анадан, не мұғалімнен, не жанында қолдап- қорғайтын жан досынан көмек көрмей, аяғына құрсау салғандай сезініп, өмірден үнсіз ғана үмітін үзіп, 5 күндік пәниден өте шығады...
Ал сіз мына зымыраған уақытта неге қол жеткізе алдыңыз?