Әлемдегі ең жақсы шоколадтар
блог
Шоколад жүрек-қан қызыметін жақсартуға көмектеседі, көңіліңізді көтереді, оның құрамындағы глюкоза болса ақылыңызды жетілдіреді. Ең бастысы, шоколадты қажеттілігіңізден артық пайдаланбаған жөн.
Бүгін сіздерді әлемдегі ең жақсы шоколадтармен таныстыруды жөн көрдік:
9-орын. “Vosges” (АҚШ).
Американың шоколад жасаушы бұл компаниясы өз өнімдерінің ерекше дәмдерімен әлемде танымал. Мысалы, компанияның ысталған ет бөлішектері араласқан сүтті шоколады кең таралған. Бұлардан басқа, компания саңырауқұлақты, васабилі, соусты, қалампырлы шоколадтардыда ұсынады.
8-орын. “Soma” (Канада).
Компания өз жұмысын 2003 жылы бастаған болатын. Бұл компания өнімдерінің жоғары сапасы және әр алуандығымен танымал болған.
7-орын. “Lindt” (Швейцария).
Компания тарихы 1845 жылдан бастау алады. Бұл компанияда өзінің өнімдерінің жоғары сапасымен танымал болған. “Lindt” өнімдері әлемнің жүзден астам елінде сатылымда.
6-орын. “Scharffen Berger” (АҚШ).
Компания өзінің какаоға бай және сырлы рецепті шоколадтарымен танымал болған.
5-орын. “Michel Cluizel” (Франция).
Бұл компания шоколадтары құрамы ең жоғары сапа талаптары дәрежесіне жауап береді. “Michel Cluizel” өнімдері әлемнің қырықтан астам елінде танымал.
4-орын. “Valrhona” (Франция).
Компания 1922 жылы өз жұмысын бастаған. Басты өнімі қара шоколад. Өнімдерін жасау барысында түрлі сорттағы какаолардан және түрлі рецептерден пайдаланады.
3-орын. “Bovetti” (Франция).
Компания тарихы 1994 жылдан басталған. “Bovetti” 150ден астам түрдегі шоколад шығарады. Шоколадтарға түрлі дәм беру үшін әр түрлі гүл жапырақтары (, лаванды, әтіргүл), жемістер (банан, апельсин) қосылады.
2-орын. “Leonidas” (Бельгия).
Компания 1913 жылы құрылған. Бүгінгі күні “Leonidas” Еуропадағы ең жақсы шоколад өндірушісі саналады.
1-орын. “Amedei” (Италия).
Компания 1990 жылы құрылған. “Amedei” өнімдері түрі жылдары «ең үздік» деп табылған. “Amedei”дың бірнеше түрдегі шоколадтары әлемдегі ең қымбат шоколадтар санатында.