Соңғы өлең...

Соңғы өлең...
жеке
блог

Қазір өлең шығаратын жастарға қызыға қараймын. Шығармаларын оқи отырып, «мен де өлең жаза алғанымда ғой» деп ойлаймын.

Өлең шығару қасиеті бойымда болған. Талантты күтпесең, сенен теріс айналады екен. Кітап оқуды доғардым, сөздік қорым тарылып, кейін өлең жазу арман болып қалды.

Назарларыңызға соңғы шығарған өлеңімді ұсынбақшымын. Анама арнап жазылған. Әнін жазған - домбырадан берген ұстазым, күйші-сазгер Жақсылық Нәдірбеков Рзаханұлы.

Ана.

 Ана деген – ардақты да асыл жан,

Бір өзіңнен нәр алып ем жасымнан.

Перзентіне құшағы кең ашылған,

Қиын сәтте табылатын қасымнан,

Күндей болып шуағы әркез шашылған,

Ана деген – ардақты да асыл жан.

 

Асыл анам, ардақты анам, аяулым,

Көңіліңе түспесін еш қаяу – мұң.

Өзің әркез табылсаң тек қасымнан,

Білімдімін, ақылдымын, ояумын,

Асыл анам, ардақты анам, аяулым.

 

Ардақты анам, аяулы анам, асылым,

Өзіңді мен жырға қосып тасыдым.

Сен мұңайсаң, ал мен мүлде жасыдым,

Сен қуансаң, ал мен мүлде шаттандым,

Алшысынан түскендейін асығым,

Ардақты анам, аяулы анам, асылым.