Алматым

Алматым
жеке
блог

Сәлеметсіздерме массагет оқырмандары, менің жасым 15те болашақта журналист болу арманым. Сіздермен кішкентай ғана төл туындым Алматы жайлы өлеңмен бөліскім келеді. Туған жеріме арнап кішкентай ғана өлең жаздым))

Туған жер, алтын ұям, асқар тауым.

Өзің деп сағынышым жыр арнаған.

Құшақ жайып өзіңді сағынамын.

Алматым сәл көрмесем жабығамын. 

Ауылым Алмалы еді алма бағы.

Балалық шағымның жартысы сонда дағы.

Көркейіп өсе берші гүл Алматы.

Сағынышым артады тағы - тағы.

Алматым қуанышым, арайлы таң

Көріктісің көз тоймас асыл тастан

Ауаңда, тауларыңда, жолдарыңда

Қарай берем сөзсіз саған махаббаттан