Т.Қ.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясы

Т.Қ.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясы
жеке
блог

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы (бұрынғы аты Алматы театр және кино институты) — театр және кино мамандарын даярлайтын мемлекеттік жоғары оқу орны. Т.Жургенов бул нагыз дарындылардын мекени. Т.Жургенов бул сенин арманын,сенин болашагын 1978 жылы Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясының актерлік факультетінің (консерваторияға 1953 жылы Алматы көркемсурет училищесінен келіп қосылған актерлік бөлім) негізінде Алматы театр және көркемсурет институты болып ашылған.

Институт театр, кино, көркемсурет және хореография бөлімдері бойынша он бір салада маман даярлайды. Оқу мерзімі 4 жыл. Күндізгі және ақылы сырттай бөлімдер жұмыс істейді. Құрамында 6 факультет, 23 кафедра бар. Оқу 12 мамандық және 39 арнаулы мамандық бойынша жүргізіледі. 1062 студент оқиды. 322 оқытушы сабақ береді. Олардың арасында 16 халық артисі мен халық суретшісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының 24 лауреаты, 34 халықаралық және республикалық байқаулар мен фестивальдардың лауреаттары, 23 ғылым докторы, 52 ғылым кандидаты, 30-дан астам ҚР-ның білім беру ісінің үздігі бар.

1987 жылы институтқа Т.Жүргенов есімі берілді .

2014 жылдан бері Академияның ректоры қызметін Нүсіпжанова Бибігүл Нұрғалиқызы атқарып келеді.