Бұрын-соңды болмаған эстафета

Массагет тарихында бұрын-соңды болмаған жақсы эстафета бар - ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ! Абзал, Айгерім, Бигелді сынды игі жақсылар ат салысып кеткен ( кеткен? ) бұ эстафета маған келіп, тоқтап қалып еді. Жаңғыртып көрейікші. "Адалдықтың бәйгесіне атыңды қос, озсаң да - олжалысың, озбасаң да - олжалысың" демей ме... Ендеше, достар, ісімізге сәт!

"Бұл бір "кезексөз" сынды игі бастама болсын! "Массагет ауылындағы кезексөздің ерекшелігі" ретінде - оның таяқшасы "кітап" деп алынса, ол таяқшаны алған-берген жандардың жадында біразға дейін қалады ниет бар!!!" (с) Абзал Сариев

"Жаңа кезексөздің арқасында біраз кітап туралы біліп, бір кітап болсын оқып қаламыз деген ойдамын. Ал іске сәт! Орта жолда тастап кетпейік деген тілегім бар" (с) Айгерім Сматуллаева

"Былайынша жәй қарапайым іс көрінгенімен бұл бір, ауыз толтырып айтуға тұрарлық, керемет игілікті іс-шара. Әрине, қадірін ұққанға да, қадірін білмеске көп таяқшаның бірі болып қалары да анық..." (с) Бигелді Темір

"«ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ»эстафетасының әрбір массагетікке жеткенін шын тілеймін, бұл бір игі шара, бастаманы қолға алғандардың және алдағы уақытта басы-қасында болатындардың бәріне алғыс!" (с) мен

Эстафета шарты:

- Массагет қолданушысы эстафетаны/кітапты алып, оқығаннан кейін, блог жазады ( не оқыды, не түйсінді, жалпы, ойын жазады );

- Блог соңында кімге және қандай кітап табыстайтынын жазып өтеді;

- Жалғасы сәтті болуы үшін эстафетаны ұсынғысы келген адамымен алдын ала жекеде келісіп алу абзал;

- Әр түкпірде тұратындықтан, кітап жіберу/алу мүмкіндіктеріміз де әр түрлі. Десек те, көпшілікке құрмет ретінде блог арасын үш айдан ұзатпауға тырысу керек;

- Қазақ авторлары мен шығармаларын насихаттайық;

- Кітап - сыйлық. ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ. Сондықтан, естелік жазып, қол қоюды ұмытпайық!

Толығырақ:

- massaget.kz/blogs/4753 - пікірлерде;

- massaget.kz/blogs/8306 - блог;

- massaget.kz/blogs/8779 - блог;

- massaget.kz/blogs/9307 - блог;

Эстафета кезегін Нұршат Әлімқызына беремін. Нұршаттың оқитын кітабы: Төлен Әбдік - ОҢ ҚОЛ.



Бөлісу: