өкінбеймін

өкінбеймін
жеке
блог

Өкінбеймін,

Жан дүнием жатса да аласұрып,

Көңілімнің елеусіз қалмасы анық.

Қиналарын білемін жүрегімнің,

Осыншама қалар ма бауыр басып.

Сағынбаймын,

Тосқау қойып тұмшалап сезімімді,

Жұдырыққа жиып ап төзімімді.

Іздейтұғын шақтарда, суретіңе

Бір қараймын түгелдеп үзігімді.

Қарама да,

Маған мүлдем дидарыңды аударма,

Мейлі іздеме, сағынбасаң сағынба.

Кете бергің қайрылмай-ақ артыңа,

Есімімді жүрегіңе сақта да.