Земфира қайта қауышуға уәде берді

Земфира қайта қауышуға уәде берді
жеке
блог

Ауырып жатқасын Земфираға бара алмаспын деп ойлағам. Жоқ, біздікілердің арқасында рок-аңыздың концертіне билетсіз кірдім! Земфира сыпайы, нәзік қыз екен. Бірбеткей болса да. "Прическасы" керемет! Кешіккеніне кешірім сұрады қиылып. Наурызбен құттықтады! Зал риза болды.  

Бізге келіп, концерт беріп жүрген рок-музыканттардың арасында түрлі аспапта ас деңгейде ойнайтыны Земфира болып шықты! Алғашқы әндер ырғақты болды, серпілтті. Ди-джейден кем болған жоқ, бірақ бұл рок! Шіркін, осындай ырғақпен «ән салып» жүрген поп-музыканттар да жанды дауыспен, аспапта ойнап тұрып айтса...

Земфира контральто дауыстың иесі ғой. Париждің алып концерт залынан әсерленген ол, өкінішке қарай, шабытын шарықтата алмады. Техника сәл-пәл дайын болмай шықты. Әнші қайта-қайта өз дауысын ести алмай қалып жатты.

Ол концерттен соң өзінің сайтына былай деп жазды:

 21.03.2012
как бы мне хотелось всем народам мира во всех точках мира играть идеальные концерты!!

с глубоким и прозрачным звуком, с вдохновением, чтобы были счастливы все, и даже случайно зашедшие. наверное, я многого хочу.
Алматы - прекрасны. в своей наивности, благодарности и открытости. оттого я и досадую - нам не хватило совсем немного времени, чтобы отстроиться и прозвучать так, как вы заслуживали, а вы заслуживали. но у меня хорошая память, и я буду ждать встречи. а еще у нас появились друзья - Тенгри! и я надеюсь, мы повторим нашу вечеринку, но на другой территории и в другое время.

 спасибо, город яблок)

«Земфира – бүгінгі заманның ең құдіретті әншісі» деген ризашылық ой келді. Аудиториямен байланыс жасай отырып, әндерін айтып шықты! Зал оның барлық әніне түгел қосылды! «Гүл болғасын, оның тірі болуы керек» деді ол табынушыларының бірінің сыйлығына көңілі толмай. Фанаттардың бірі мүмкін өз қолымен жасаған дүниесін сыйға тартқан шығар, бірақ, Земфира – нәзік жан ғана емес, табиғилықты қалайтын адам.

Алматыға Земфираның фанаттары ағылды ғой бұл күні. Оңтүстік астанада онсыз да земфиромандар көп. Зекең мен Рекең сияқты әдемі жұптарды көргенде, қызығып кеттім. Еркекшора подружкам болсаааааа. Айтпақшы, Земфираның жейдесінде Литвинованың суреті болды дейді, бірақ көзім анық жетпеді... Ән айтайықшы. Нағыз ән: Позвони, и я буду ждать, Я буду знать, Кому из нас верить, Расскажи, куда идти, Зачем идти, Если заперты двери. Пьяный мачо Лечит меня и плачет От того что знает Как хорошо бывает А-а...