Мен өз планетамды өз атыммен атаймын!

Мен өз планетамды өз атыммен атаймын!
жеке
блог

                          Мен өзімнің планетамды өз атыммен атаймын...

«Өмір» осы сөздің астарында қаншама мағына жатыр десеңізші.Өмір дегеніміз-баға жетпес асыл зат. Өмірді дүниеде еш нәрсемен салыстыруға болмайды.Себебі өмір дегеніміз адам баласына бір ақ рет берілетін ерекше күш. Өмір өзен болса, ол кезде ағысқа қарсы жүретін кезеңдер де болады.Міне, сол кездерде төзе білу керек...Себебі өмір дегеніміз-баға жетпес бақыт және адамның шыр етіп дүниеге келгенінен о дүниеге өткенге дейінгі аралық. Сол аралықта пенденің қуаныш-қайғысы, демалып, тіршілік етуі, жақсылығы мен жамандығы болады. Дәл сондай жақсы ұғымддардың бірі "Бақыт" түсінігі.Өмірдің мөні туралы айтқанда, біз оралмай кете алмайтын бір ұғым бар. Ол — бақыт туралы ұғым. "Өмірдің мәні оны бақытты етіп өткізуде" деген тұжырымның кез келген адамға түсінікті әрі жылы естілетіні содан болса керек. Өмірдің өзі өзен бір ағынмен жүріп отырады. Бірде асу-толқындар кездессе, бірде жайшуақ күндер болады. Міне,осы асау толқындармен арпалысып өмір сүретін адамдардың да өзінің бір өзіндік планетасы болады.Ал,менің  планетам бұл менің өмірім.Бұл менің құзырымдағы тылсым күш.Мен өз планетамда қалай өмір сүретінімді барлығын өзім білемін.Қазіргі таңда мен өз планетам жайлы қысқаша ғана айтатын болсам... Менің планетамның өзі арман мақсатқа толы.Себебі мен қазір студентпін.Көкірегім арманға,жаным жақсылыққа толы.Мен жас буынмын,сондықтан менің армандарым өте көп.Менің арманымның жүзеге асуы,мақсатымның орындалуы,ал менің мақсатым елімнің дамуына үлес қосу,халқымның дәл осындай бейбіт ел болғанын көру менің ең бірінші арманым.Қазіргі таңдағы менің планетамның жай күйі осындай.Мен өз планетамды өз атыммен атаймын.Себебі менің планетам яғни менің өмірім соған лайықты...