Ойбай, футбол...

Ойбай, футбол...
жеке
блог

Ойбай, футбол...

      Қазақстан дамып келеді. Алайда спорт мәселесіне келгенде көп адам ақылды болып келіп «Ойбай, футбол. Пәленше ойнай алмайды футболды, түгенше бокстасудан жұрдай» деп мардымсыз пікірлерімен спортшыларымыздың құлағын шулатып жатады. Біз осындай  бос әңгімеден аулақ болып неге спортшыларымыз футболдан дамымай келеді деп ойланбаймыз?

өсек

Футбол десе елімізде әңгіме көп. Тұрсынбек Қабатов өзінің бір әзілдерінде футболшыларымызды қолдау аз, жанкүйерлерге толы стадионға үйренбеген деп айтып өтті. Бұл астарында мән бар шындық қой. Орталық стадионымыз бар. Неге өз футболшыларымызды қолдамасқа?! Мысалы, мен Ақтөбелік жанкүйерлерге ризамын. Себебі, «Ақтөбе» футбол командасының әр ойынына жанкүйерлер толып жиналып, қолдарынан келгенше қолдау көрсетіп стадионды шулатып жатады. «Шахтерларымыз» қандай керемет ойындар көрсетіп жүр. «Қайрат» футбол командасы, тіпті, Кеңес кезінде құрылып орнын жас футболшыларымыз басып келеді.

қайрат

Бұрынғы «Динамо» командасы да шетелдің Реалы мен Барселонасынан кем емес. Қай киім дүкендерін, нақтырақ, спорттық киім дүкендерін қарамасаң да Реал Мадрид пен Барселона, Роналду мен Мессидің нөмірлік киімдерімен толып тұрады.

месси

Жастар да еліктеп бағасына қарамастан сол киімдерді алып жатады. Мысалы, Тимирязев – Манас көшесіне жақын Атакент көрме орталығының аялдамасы тұсында дәл сондай дүкен бар. Бағасы удай. Бірақ, ақшам жоқ деп жүрген қазақ жастары соны алады. Мен де Мессиді қолдайтыным рас. Көпке де топырақ шашпаймын. Алайда, «Қайратымыз» қайда қалып барады?! «Қайрат» футбол командасы өзін мойындатқан команда. Неге шетелден бапкерлер шақырамыз? Олар қазақы менталитеттен жұрдай емес пе? 1 – 2 ай баптаған спортшыларымыз сол 1 – 2 айдың деңгейінде қалып қоймай ма? Футбол десе бәрі сыншы, бәрі спортшы бола кетеді  әйтеуір. Сынағанша қолдап әлемдік аренада футболшыларымызды сол Мессилермен сынға неге түсірмеске?! Осы постты оқыған біреуі айтатын шығар «алдымен футболшыларымыз сол Мессидің деңгейіне жетіп алсыншы» деп. Мен мұндай пікірді бір емес бірнеше рет естігенмін. «Қазақтың футболы...» деп бастасаң әйтеуір біреуі «әй, соларды ма» деп қолын бір сілтейді. «Назар аудар» жайдарманшылары қалжың ретінде Мессилердің 1 секундта 7 доллардан табатынын айтты. Сондайда біреуі футболшыларымызға жалақы көбейту керек дейді. Айта берсе шегі жоқ өз елімізде бірімізді біріміз төмендетіп, «қолдарынан түк келмейді» деп көпке бірдей топырақ шаша саламыз.

      Өткенде бір аға автобуста отырып артында отырған екінші ағаға (досы – ау шамасы) «Анау Геннадий ше, шетелдік бір продюсер сияқтыны тауып алыпты. Енді көп ақша тауып отыр. Артаевың ба тренерімен квартираға таласып жатыр. Ой, спортсмендерің құтырған. Ақшасы қалтада. Қолдарын бір сермеп байып кеткен» деп өзінше «әңгіме» айтып отыр.

шоу бизнес

Сонда біздің спорт шоу – бизнес сияқты өсек болғаны ма? Спортты өсекпен ғана бағалап отырған сол екі ағаға ішім ашыды. Үлкен кісілерге жат қылықты көрсетіп отыр. Сол спортшылардың қалтасын санағанша спортқа жиналып келетін жанкүйерлерді санамайды ма? Иә, расында, жанкүйерлерді саусақтап санайтындай шамадамыз қазір. Шындығы сол. Қысқасы, менің аузымды көпірткенім көпке 1 тиын ғой. Саралап, сараптап, соңғы түйін сіздердің еншілеріңізде!