Алматы автобусындағы ұзақтық...

Алматы автобусындағы ұзақтық...
жеке
блог

Осы ҚазҰУ қалашығына оқуға түсердің алдында аптап ыстық шілде айында шығармашылық екзамен тапсыруға Алматыға келген болатынмын. Алматыға келгеннен кейін келесі күні ертемен өзім арман еткен ҚазҰУ қалашығына экзамен тапсыруға келуім керек болды. Ал,менің келген үйім қаланың шетінде «Бурундайда» орналасқан болатын.Ол жерден жету өте алыс екенін негізі алдыннан да естіген болатынмын.Бірақ,дәл осындай алыс деп ойламаппын.Менің қасымда шығармашылық екзаменге апарып,алып келу үшін ағам болатын.Себебі мен қала ішін білмеймін ғой.Сонымен ағам екеуміз таң енді ата бастаған кезде үйден шыққанбыз.Күн жаңбыр жауып күңіреніп тұрған еді.Сол кездегі ауа-райы менің әлі есімде.Үйден шыққаннан соң ағам екеуміз сол көшенің орталығына дейін жаяу жүріп,сол жерден такси ұстадық.Мен сол таксимен бірден баратын болармыз деп ойлағанмын.Бірақ,олай емес екен.Бір кезде таксиден түстік,жан-жағыма қарасам «Алматы-1»вокзалы деген жазуды көзім шалды.Мен айналама қарап тұрғанда,жанымыздан бірінен соң бірі автобустар өтіп жатты.Сол автобустардың ішінен 7-ші автобусқа мініп,артқы орындарына жайғастық.Мен үшін Алматы көшелері,автобустары  бәрі-бәрі беймәлім болатын.Мен әлі жан-жағыма қараумен келемін.Сағат шамамен 07:00 болатын.Автобус қозғалып кетті.Әрбір аялдамаларға тоқтаған сайын адамдар ағылып мініп жатты.Кішкене уақыт өткеннен кейін ағама қарасам ағам ұйықтап жатыр, тек менің  ағам емес автобустағы жолаушылардың барлығы ұйықтап отыр.Автобуста ояу отырған тек мен және жүргізуші аға сияқты.Мен өзіміз түсетін аялдаманы күтіп әуре болып отырмын.Жан-жағыма қарап отырғанда 1-сағаттан астам уақыт өтіп кетіпті.Сол кезде ағам оянып,түсеміз деп екеуміз бірге жылжып ҚазҰУ қалашығынан түсіп қалдық.Автобустан түскен сәтте ішімнен  «мен,оқуға үйден келіп оқитын болсам , барлық өмірім автобуста өтетін сияқты ғой» деп ойлағанмын.Алғаш рет осылайша Алматы автобусына мініп,жол ұзақтығынан қашып түскенмін!