Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Эстафета. Аударма

Эстафета. Аударма

Эстафета. Аударма

Айқаракөзден алған эстафетаны жазуға еш уақыт болмай кетті. Ертең Құдай қаласа Астанаға Блогкэмпке кетеміз. Соған байланысты қазір жазып тастайын.

Қазақ тіліндегі сөздердің аудармасынан бұрын, сөйлемді аудару қазір ақсап жатыр. Көшеде ілінген жарнамалардың тікелей аударылған қисынсыз аудармаларды көріп, қарның ашады. Мысалы, "Чувствуй себя как дома" - "Өз үйіңдегідей сезін". Бір жағынан аударма дұрыс, бірақ қазақтар олай ешқашан айтпайды ғой. Айтса орысша айтады, басқа кезде "Жайғасып отырыңыз" деп айтады. Міне, осы сияқты мысалдар өте көп.

Кәріс, жапон сериалдарын көп қараймын ғой, сол жерде байқағаным, көп сөздері ағылшын сөздерінен кірме сөздер. Мысалы, кисс - сүю, хендепон - ұялы телефон (осы жерде біз де қалтафон дегеніміз дұрыс сияқты), дэйт - кездесу және т.б. Сол сияқты біз де кез-келген сөздерді қалағанымызша аудара бермей, кірме сөз ретінде қалдыра берсек деген ой келеді. Мысалы маған "Рекомендеймін" деген Саян3 деген бұрын бір интернет қолданушысы болатын, сол жиі айтатын сөз ұнайды. Мен сіздерге ұсынамын, бірдеңе дей бергенше рекомендеймін дей салған дұрыс.))

Сонымен қатар, компьютерлік, техникалық терминдерді оңды-солды аудара бергенді қаламаймын. Сканерді - мәтіналғы деп аударыпты дегенді естігенмін. Сканер - ол сканер. Бәріне ортақ, түсінікті. Бір сөзді орысша қалдырудан немесе бәрін қазақшаландырудан қазақ болып кетпейміз.

Екінші мәселе, қазақ тіліндегі боғауыз сөздерді аударудан қымтырыламыз, шыны керек. Мысалы, орысша жазылған "Что за дерьмо у тебя на голове?" немесе "Надеру тебе задницу"? Бұған не дейсіздер? Ал "Нахал!" деген сөзді ше? Шын айтсам, сондай сөздерді аударғанда қатты қиналамын.

Жалпы сондай сөздерді аударатын сөздік керек сияқты.

Эстафетаның жалғасын Ардақ Құлтайға беремін.

7
Рейтинг: +0

Автор: Anara Mustafina
Жазылған уақыты: 20 наурыз 2012, 18:40
Тегтер: сөздік, боғауыз сөздер аудармасы, қазақша-орысша

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.