Бала тілі - бал!

Бала тілі - бал!
жеке
блог

"Баласыз үй - мазар, балалы үй - базар" деп атам қазақ бекерден бекер айтпаса керек. Өскен сайын айналасын думан-күлкіге бөлетін балақайлардың тілі де, қимылы да тәтті емес пе?!

Мен де бала болдым. Менің де тілім шыққан кезде барлығы жан-жақтан маған сұрақ қойып, менің жауабыма рахаттана күлетін. Мен-бала оны түсінбейтінмін. Қазір өзім де артымнан ерген кішкентай бауырларыма әр түрлі сұрақтар қойып, берген жауаптарына риза болып отырамын. Баламен бала боламын. Назарларыңызға сол кішкентай балалардың менің сұрақтарыма берген жауаптарын ұсынамын.

***

Көршімнің баласы үш жасар Дәулеттен: "Дәулет, сен де кішкентай бөпе болдың ба?" десем, "Жоқ, мен кішкентай болған жоқпын. Мені құдай бере салды" деп жауап берді.

***

Бір күні Дәулеттен "Дәулет, үйде ақша бар ма?" деп сұрап едім, "Үйде ақша жоқ, мамам жұмыс істемейді, папам ауырып жатыр" деп жауап қатты. Сол кезде қыстың күні болатын, әкесі тұмауратып қалған. 

***

Бір күні қонаққа келген кісілер 2,5 жасар Іңкәр сіңлімнен: "Сенің атың кім? Қанша жастасың?" десе, "Менің атым Әйгерім, мен он бірдемін" деп жауап беріпті. "Ой, сен  Іңкәр едің ғой" десе, "Жоқ, мен Әйгеріммін" деп айтыпты.

***

Ағамның қызы Әсеммен (4 жаста) болған әңгімем.

- Әсем, үйге ақшаны кім әкеледі?

- Папам

- Ол қайдан әкеледі?

- Жұмыстан

- Жұмыста оған ақшаны кім береді?

- Достары по чуть-чуть жинап береді)))))

***

Махамбет інім (Іңкәрдің ағасы)  екеуміз оның әке-шешесінің тойын бейнетаспадан көріп отырмыз. Бір кезде мен: "Махо, мынау тойда сен жоқсың ғой..." десем, "Мен ол кезде үйде Іңкәрмен отырдым" деп жауап берген. 

Жалғасы бар