«Қазақ аруы - 2012» байқауының жеңімпазы кім болды?

«Қазақ аруы - 2012» байқауының жеңімпазы кім болды?
жеке
блог

Кеше Алматыдағы Республика сарайында белгілі продюсер Баян Есентаева ұйымдастырған «Қазақ аруы - 2012» байқауы өтті. Бұл байқауда еліміздің түкпір-түкпірінен келген 21 ару әділқазылар алдында бақ сынасты.

156.jpg

«Қазақ аруы» байқауына қатысқан әр ару өздерін  өмір мектебінің  тәжірибесінен өткендей сезінді. Себебі олар бір ай бойы ұлттық биден сабақ алып, халқымыздың салт-дәстүрі жайлы терең мағлұматтарға қанықты. Ел тарихы мен  әдебиет саласы бойынша да дәріс алды.  

256.jpg

Кеш барысында 21 ару өздерін жан-жақты көрсете алды. Олар қазақ эстрадасының жұлдыздары Сәкен Майғазиевпен, Нұржан Керменбаевпен, Айгүл Иманбаевалармен дуэт болып ән айтты. Кейбір арулар «Орда» мен «Каспий»  топтарының жігіттерімен әуелете ән шырқады. Сұлулар тек сыртқы сымбаттарымен  ғана емес, өнерлерімен де тәнті етті. «Аққу» биін билеген балерина арудың әр қимылы көрермендердің назарында болды. Қазақ лиро-эпостық жырларының кейіпкерлері: Еңлік, Баян сұлу және Ақтоқтының образына кірген қазақ аруларының сахналанған көріністері көпшілікті баурап әкетті.  Олар тек қазақ қызына тән қасиеттерімен ғана емес, ақыл-ой даналықтарымен де көзге түсті. Ақыл-ойды таразылайтын сайыста қай-қайсысы да суырылып, сауалдарға дәл жауап беріп жатты.

Ал арулардың сәнді көйлектерін еліміздің танымал 4 дизайнері тіккен екен. Дизайнер Аида Кауменова 5 сұлу қызға өз топтамасын тарту етті.

356.jpg

Республикалық байқауда қазылар алқасының төрайымы болған ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрі Гүлшара Әбдіқалықова «Қазақ аруының» есімін жария етті. Қазақ аруының тәжі алматылық 19 жасар Айғаным Өтепбергеноваға бұйырды.

456.jpg

http://1tv.kz/kk/news/culture/20032012/kazak_arui