Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Чех еліндегі күндерім. Нұрлан Албан мен «Тұран» этно-фольклорлық ансамблі

Чех еліндегі күндерім. Нұрлан Албан мен «Тұран» этно-фольклорлық ансамблі

Чех еліндегі күндерім. Нұрлан Албан мен «Тұран» этно-фольклорлық ансамблі

Чех еліне сапарымыз аяқталуға жақын қалды. Кутно-горадағы сүйектерге толы шіркеу, Збирок қорған сарайындағы кешкі ас, басты шара форумды артқа тастадық. Жүгімізді жинастырып, кетуге дайындалдық.

Форумда өзге елдерден келген делегация мүшелерімен танысып, жақсы араласып кеткен болатынбыз. Әрқайсысыларымыз өз еліміздің салт-дәстүрі мен тыныс-тіршілігі туралы айтып жаттық.

Алматыдан кетпес бұрын, жүктерімді жинастырып жатқанда, әкем: «Балам, өзіңмен бірге қазақ әуенін алып кет» деді. Содан соң, сөмкеме Жаңа Жыл қарсаңында Қорлан ару сыйлаған «Тұран» этно-фольклорлық ансамблінің «Ер Тұран» атты екінші күйтабағы мен Нұрлан Албан ағам жеке өзіме сыйлаған «Сәлем» мен «Қарттарым, аман-саумысың» атты күйтабақтарын салып қойдым. Бар мақсатым өзге елде өз отандастарымды көріп жатсам, соларға табыс ету болатын. Алайда, уақыт тығыз, одан қалса біз жұмыс кестесіне тәуелді болдық. Қандас бауырларымды кездестіре алмадым(((.

Ең әуелі, Ресей, Моңғолия және Грузия делегация кетті. Олармен барлығымыз қимай қоштастық. Содан кейін қонақүй бөлмесінің кілтін тапсырып, өзімізде жолға кетуге дайындалдық. Бірақ та, бізден бұрын Әзірбайжан елі кететін болды. Бакуден келген делегация құрамында белгілі блоггер Владмир Зимин де болды. Уақыт өлтіріп, Вова екеуміз әңгімелесе отырып, қызығушылықтарымызды айта бастадық. Бір кезде Вова фольклорлық музыкаға жаны құмар екендігін, ол музыканы іздестіріп, тыңдайтынын айтып қалды. Мен де музыкадағы талғамыммен бөлістім. Бір кезде ұлттық музыка туралы сөз қозғадық. Мен өз ұялы телефонымдағы әндерді қосып, екеуміз қазақ ұлттық музыкасын бірге тыңдап отырдық. Ол біздің музыкаға қатты қызықты. Осы кезде есіме сөмкемде жатқан альбомдар түсті. Воваға «Тұран»-ның музыкасы қатты ұнағандықтан, оның қолына «Ер Тұран» альбомын ұстаттым. Ол мәз болды, тіпті, аспаптар туралы сұрай бастады. Сұрақтарының барлығына жауап беріп, оған ансабмль туралы ақпаратты қайдан алуға болатынын айттым. Кейін елге оралған соң, ол маған жеке хат жазып жіберіпті. Хатында музыканың қатты ұнағандығын, бейнебаяндарды тұщына көргендігін айтыпты. Тіпті, твиттерінде «ай лайкед Ер Тұран» деп бірнеше рет жазып тастаған. Вовамен қазір де хат алысып отырамын, бір сөзінде, ансамбльдің концертін өз елінде көргісі келетіндігін айтып қалды.


Сапар барысында біздің жанымызда Наталья деген чех елінің азаматшасы болды. Оның шешесі орыс екен. Өзі Прага қаласында туып өскен. Қазақстаннан келгендігімізді естіген ол кішкентай күнінде біздің елде болғанын айтып жатты. Болашақта Алматыға ат басын бұру туралы жоспарымен де бөлісті. Наталья бізге өз елі туралы көп ақпарат берді. Оған шексіз риза болдық. Натальяға естелік болсын деген ниетпен Нұрлан ағамның альбомдарын табыс еттім. Ол да мәз болды. Кейін хат алысып, хабарласқанда қазақ әнінің әсемдігін, Нұрлан ағаның дауысын естігенде күллі қазақ даласының сазын естігендей болғанын айтты.

Орыстарда «Сыйға алғанды сыйламайды» деген мақал бар. Меніңше, ол бос сөз. Екі орындаушының қолынан алған сыйлығым бұл күнде әлемнің екі нүктесінде жатыр. Мен соған қуанамын. Себебі, өзгелерде біздің сазды білу керек.

Өзгелерге осылай сый жаспа, өзім күйтабақсыз қалдым((((( Аман болса басым, күйтабақ та табылар))))

1993 13
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 20 наурыз 2012, 09:34
Тегтер: Чехия, Прага, Нұрлан Албан, "Тұран" этно-фольклорлық ансабмлі
Пікірлер
+0
20 наурыз 2012, 10:46

Жақсы іс жасапсың, Ғазиза!!!

+0
20 наурыз 2012, 14:36

бәрін оқымадым миым қатып кетті, бірақ тақырыбы мақтанып тұрғандай

+0
20 наурыз 2012, 14:39

=))))))))))))))))

+0
20 наурыз 2012, 14:56

қазақ мәдениетінің кең насихатталуына үлес қосыпсың

+0
20 наурыз 2012, 15:23

Мына қызға қатты қызығып тұрмын! (еген онымен таныссам..... ммм........... кейін мен де осылай саяхаттап жүретін шығармын ә?)))))))))))))))))))))))))))

+0
20 наурыз 2012, 15:31

Иншаллах, тілегіңіз орындалсын))

+0
20 наурыз 2012, 15:43

Тілектің орындалуы сізге байланысты емес пе?!))))))))))))))))))))))))

+0
20 наурыз 2012, 15:48

Тілек орындайтын мен Аяз ата емеспін ғой)))

+0
20 наурыз 2012, 15:51

Аяз ата мен, ал сіз ақшақар емессіз бе?

+0
20 наурыз 2012, 15:55

Жоқ, мен ақшақар емеспін) Мен Ғазизамын))

+0
20 наурыз 2012, 15:56

ааа! Армандап кетіппін гой! мм мен де Саятпын!)))))))))))))))))))

+0
20 наурыз 2012, 22:03

Игі іс жасапсың Ғазиза! Тұранды ұнатқанына 100 пайыз сенімдімін!

+0
21 наурыз 2012, 09:36

Сәлем, Ғазизажан! Тыңдармандарымыздың қатарын толықтырғанын үшін "Тұран" тобының атынан Саған зор алғысымды білдіремін!!! Ал диск жайында уайымдама!!! Бірнешеуін арнайы әкеп берермін:)))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев