жеке
блог

ПРЕСС-РЕЛИЗ! Журналистерге!

БАҚ үшін                                                                             

 

 

Ақпарат

 

Құрметті журналистер!

Биыл Сара Алпысқызы Назарбаеваның тікелей бастамасымен құрылған «Бөбек» қайырымдылық қорына 20 жыл толып отыр. Осыған орай, республикамыздың барлық аймағында мерекелік іс-шаралар өтуде. «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығының Адамның үйлесімді дамуы институты Сара Алпысқызының арнайы грант иегерлерімен «Достар шеңбері» атты кездесу өткізеді. Естеріңізге сала кетсек, бұл білім гранттары жетім, қамтамасыз етілмеген көпбалалы отбасынан шыққан, асыраушысынан айырылған, ата-анасының бірінің қамқорында қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында тағайындалған болатын.

Кездесу мақсаты – «Бөбек» қорының 20 жылдық мерейтойын атап өту және Сара Алпысқызының арнайы грант иегерлерінің Жоғарғы оқу орындарында білім алу үдерісінің алғашқы қорытындыларын шығару (барлығы 72 адам).


Кездесу Адамның үйлесімді дамуы институты ұжымы құрастырған оқулықтар, әдістемелік көмекші құралдар, республикалық журналдар қойылған көрмеде ашылмақ. Атап өту керек, Адамның үйлесімді дамуы институты «Өзін-өзі тану» пәні бойынша тікелей рухани-адамгершілік идеясын жүзеге асырып отырған орын. Кездесу барысында Жоғары оқу орындарының студенттері, Адамның үйлесімді дамуы институты қызметкерлері сөз сөйлейді. Грант иелерінің бүгінгі студенттік өмірі жайлы фоторепортаждар көрсетіліп, оларға сыйлықтар табыс етіледі. Ал оқу-әдістемелік кешендерінің авторлары мастер-кластар көрсететін болады.

 

Өтетін орны:  Алматы қаласы, Дарын-1 ы/а., №47 үй, «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығы.

 

Уақыты: 27 наурыз, 2012 жыл, сағат 10.00-де

 

Қосымша ақпарат үшін:

Жомарт Айтқазы +7 702 861 44 22

Асель Қалиева +7 775 774 81 32

2 99 54 32, (131)

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



Жұлдызды блогтар

Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі