Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Кешіккен көктем

Кешіккен көктем

Кешіккен көктем

КЕШІККЕН КӨКТЕМ

Етек жеңі жиылмай,

Жатып алды қыс мынау.

Көңіл күй де - бұйырмай,

Қоңыр күйге түстім-ау.

 

Қытымыр қыс тұр әлі,

Кірпігіне мұз қатып.

Ызғырық жел ұрады,

Тұла бойды сыздатып.

 

Бізге жеткен көктем жоқ,

Жеткенменен мезгілі.

Жырлағанмен көк тер боп,

Болмайды екен сөз құны.

 

Құстар... Хабар бермейді,

Кешігуде көктемім.


Күндіз... көргім келмейді,

Күнтізбенің беттерін.

 

Барып қайттым баққа мың,

Көктем іздеп көшеден.

Іздегенмен таппадым,

Оған куә осы өлең.

 

Бар бақытты... Биылғы

Көктем алып келердей.

Көптен күткен сыйымды,

Көктен алып берердей...

 

Күтіп жүрмін мен оны,

Көңілге сол қуаныш.

...Жалықтырды себебі,

Жатып алған мына Қыс.

              Қалқаман Сарин.


12
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 19 наурыз 2012, 13:43
Тегтер: Кетпеген Қыс, Кешіккен Көктем.
Пікірлер
+0
19 наурыз 2012, 15:12

Тамаша!! Дәл қазір көктемін күтіп жүрген әрбір жанның ішкі ойын суреттегендей.

+0
19 наурыз 2012, 15:26

Маған да солай сияқты:)) Ақын көп адамның ойын сезгендей...

+0
19 наурыз 2012, 15:51

Күте білгендерге бәрі өз уақытында келеді. (с) О.Уайльд.

+0
19 наурыз 2012, 16:21

"Басы қатты болса, аяғы тәтті болады"-деп күтеміз, үміттенеміз! Күтеміз, күтпегенде қайда барамыз?...

+0
19 наурыз 2012, 16:07

Бүгін Алматының көшелерінің миы тасып жатыр! Көктем кешігіп жатқандай...

+0
19 наурыз 2012, 16:18

қырсық қысқа бәрі де өкпелі

+0
19 наурыз 2012, 16:55

Көктем де пәлсініп барады күткен сайын. Жалғыз қысты күстаналаудан шаршадым(((

+0
19 наурыз 2012, 17:21

Салтанат пікірің өтті! ))

+0
19 наурыз 2012, 18:50

Әдемі... бізге көктем мүлдем кешігіп келетін түрі бар....бүгін ақтүтек боран, ызғар жел.....құдды бір қаһарлы қаңтардай.....

+0
19 наурыз 2012, 19:50

келмитн сияқты ғо көктем. Қарасы да көрінбейді

+0
19 наурыз 2012, 21:55

Келдіңба қайта суық қыс?!
Қыздарды әбден суытқыз
Жігіттердің жып жылы
Құшақтарына тығылтқыз!
Иістеріне қанайық
Құшақтасып тұрып біз!

...Суық кезде жылытпасақ
Несіне біз жігітпіз?!))

+0
20 наурыз 2012, 08:50

керемет айттың дедім го!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.