Чех еліндегі күндерім. Сыраханалар мен ұлттық тағамдар

Чех еліндегі күндерім. Сыраханалар мен ұлттық тағамдар
жеке
блог

Чех елінде жүргенде ғаламторда уақыт өткізу мүмкіндігі болмады. Уақытымыз өте тығыз болғанмен, қысқа-қысқа пост жазып жүрдім. Сол кішкене ғана жазбама Болатбек көкем пікір қалдырыпты. «Чех елінің сырасын татып көрмесең, сенімен сөйлеспей қоямын» деп қаһарға толы сөздерін жазыпты.

Сыраны өзге елде тұрмақ, өз елімде ішпейтін мен Болатбектің сөздерінен қорқып, одан қалса, оның 30 жылдық мерейтойының құрметіне орай чех елінің алкогольсіз сырасынан ауыз тидім. Дәмі туралы ештеңе айта алмаймын. Себебі, салыстыратындай мен сырақұмар емеспін. Бірақ, жанымдағы жаңа достарым нағыз сыра ішкендеріне мәз болды.


Осы орайда чех елінің сыраханалары туралы айта кетейін. Сыраханалардың іші өте жайлы. Даяшылардың барлығы дерлік орта жастағы ер-азаматтар. Сыраханалар түннің бір уағына дейін, соңғы қонақ кеткенше жұмыс істемейді. Бізді сағат тілі 23.00-ді көрсеткенде жылы сөздерді айтып айдап шықты.


Чех елінде бола тұра, ұлттық тағамнан ауыз тимеу кету ұят болар деп, менің достарым «свинное голено» деген тағамға тапсырыс берді. Шошқаның майлы сирағын таза отқа қақтап пісіреді. Бір сирақ екі кісіге жетеді. Мұсылман баласы болған соң, бұл тағамды ауызыма алған жоқпын.


Шошқа етінен пісірілген тағамға кафелер мен сыраханаларда ғана емес, көшедегі дәмханалардан да тапсырыс беруге болады. Бұл тағамды көшеде отынды жарып, оны жандырып тұрып пісіреді. Ескеретін жайт, көшедегі сатушылардың барлығы орыс тілін жақсы біледі.

Әке-шешем «Үлкенді тыңда» деп өсіріп еді. Сол тәрбиеден аттап баса алмай, Болатбектің тілін алып, осылай, чех сырасынан дәм таттым.  Бірақ, Болатбек көке балконнан секір десе, секірмеймін)))