Massaget.kz танысқаныма қуаныштымын!)

Massaget.kz танысқаныма қуаныштымын!)
жеке
блог

Сәлем блог сүйер қауым!

Бұл менің алғашқы қолжазбам, осыған дейін блог-парақшамды бастау ойда болғанымен, сәті түспей бүгін бастап отырған жайым бар.Игіліктің ерте кеші жоқ демекші,менің бұл парақшаны ашуымның себебі- өзіме қызық әрі таныс ақпаратттармен ой бөлісіп, өз пікірлестерімді табу.

ХХІ ғасырда интернет әлемі дүркіреп тұрғандықтан кімге қарама бәрінің өз блог-парақшасы, аккаунты, көптеген әлеуметтік желілерде тіркелімі бар. Мына бір күшті ұғым бар: "Кто владеет информацией-тот владеет миром"-деген, соған орай жаңалықтың бәрі қайда,осы интернетте,әрине. Теледидар, тіпті радиоға қарағанда осы интернеттен ғой барлық сұрағыңа жауап тауып, барлық жаңалықтар мен бағдарламаларды бірінші көретін,қаласаң қайта-қайта көрсеңде өз еркің.Сондықтан, көш соңынан қалыспай, араларыңызға қосылып отырмын,өздеріңізден сын-пікірлер, ақыл-кеңестер және қызықты жазбалар күтемін. 

П.С:  өзім жайлы ақпаратты әзірге құпия қалдыруды жөн көріп отырмын. Уақыты келгенде Қасым атамыздың сөзін жетекке алып "Өз айтам өз жайымды" айдарын арнауға сөз беремін.