Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / "Свободный узник"

"Свободный узник"

Қандайсыңдар, менің достарым?) Бұл апта біз үшін рекорд апта болды. Қазақ рэпінің ханы Шыңғыстан алған сұхбатымыз фанаттарының тасқынын оятты. Күн сайын Ash Қазақ Pro-ның "хейтерлері" мен жақтастары "Екпінде" баттл жасайды:)

Өз басым жігіттердің шығармашылығымен жақында таныстым. Теңгемейкерс деген жаңа альбомдары ұнады. Өздерінің айтуынша одан ауыр underground-ті алып тастап, құлаққа жағымды әуенді қосыпты. Менің ойымша, бұл альбомдағы кейбір әндер ресейлік Krec-тің мотивтарын еске салады. Кректі өзім сүйіп тыңдаймын, сондықтан Ash Қазақтың рэпі көңілімнен шықты. 

Енді Шыңғыс жайлы бір-екі ауыз сөз айтсам. Бұл жігіттің замандасым болғанына қуанам. Соңғы кездері ой-пікірі, көзқарасы менікімен үндес адамдарды жиі кездестіретін болдым, мың да бір шүкір. Вк-да біраз сөйлестік те, видеоларын да қарап шықтым, әндерін тыңдап, жазбаларын оқыдым, бір сөзбен айтқанда виртуалды "зерттеп" шықтым. Шыңғыстың жасандылығы жоқ, өзінің қолынан не келетінін біледі, кемшіліктерін мойындайды, ең бастысы, біреуге жағу, біреудің көзінде "жақсы көріну" дегенді білмейді. Соңғы кездері адамдарда осы қасиетке баса назар аударатын болдым.

Ал оның расында фанаттары қаншама. Мысалы:

"Шыңғыс Аға, мен сізге ұқсағым келеді; маған кеңес беріңізші" деп жас балалар қоймайды. Сондықтан осындай харизмасы да, өзіндік ойы да бар жігіттердің бар болғаны қуантады. 

 

P.S Сондай-ақ осы аптада жазушы Радик Темірғалиевтің "Ақ Орда" кітабының таныстырылымына бардық. Қазақ хандығының негізін құрушы Жәнібек пен Керей емес, Орыс (Ұрыс) хан дейді тарихшы. Мұхаммед Хайдар Дулатидың "Тарих-и Рашиди", Пищулина, Юдин сияқты тарихшылардың еңбектерін негізге ала отырып, осындай тұжырымға келдім деді. 

 Осы аптадағы қаламыздың басты кітапханасына шолу жасалды. Және де әдеттегідей аптаның қызықты материалдарын жіберіп алмаңыздар!

4640 7
Рейтинг: +1

Жазылған уақыты: 19 наурыз 2012, 07:35
Тегтер: екпін, Айжан кербез, шыңғыс, Ash Қазақ pro
Пікірлер
+0
19 наурыз 2012, 15:18

Ойланып қалдым ғой))Қазақ хандығын құрған Керей мен Жәнібек деп өзім тарихтан оқыған деректерімді алға тартып жүрсем...Оқу керек болды

+0
19 наурыз 2012, 16:04

Шыңғыс деген жігіт осы ғаламтор арқылы өнерін дамытып жүр ғой. Шыңғыс деген рэпперді алғаш Мәссаған қазақ порталында көрдім-ау деймін. Содан кейін көптеген әлеуметтік желілерде кездестірдім. Өнеріне табынушылары көп екен. Біз көп рэп тыңдамаған соң, біле бермейміз. )

+0
19 наурыз 2012, 16:13

Шыңғыстың ғаламтор арқылы рэп әндерін кездестіріп қалам. Бірақ, мен онша бұл жанрды түсінбейтін болғандықтан тыңдамаймын. Ал анау тарихқа қатысты тың жаңалық екен. Сәті түсе таныса жатармыз кітаппен.

+0
19 наурыз 2012, 16:23

Екпін, провокация арқылы қызу пікірталас болатынын, пікір көп жазылатынын түсінді. Cоңғы жазылған мақалалардан көрініп тұр. Кейде ондай да тақырыптардың болғаны дұрыс шығар PR үшін, бірақ енді "Увидев это , вся страна ахнула" деген сияқты мақалалармен сапасын түсіріп алмаса дұрыс болар еді.

+0
19 наурыз 2012, 23:46

Ойбу қазір тас лақтырсаң рэперсымақтарға түседі. Әйтеуір кіші сыныптағы сіңлімнің соткасынан Аш қазақ продан өзге ештеңе таппайсыз. Түсініктеріне таңым бар. Енді тыңдамай жатып ештеңе айтпайын. Тыңдап көрейін)))

+0
20 наурыз 2012, 11:50

Радик жжот

+0
23 наурыз 2012, 15:16

иә қазіргі жастардын көбісі РЭП жанырында өлендер тындайды! менім ойымша ол дурыс та бұрыс та болар! Ал Аш Казақ проның өлеңдері маған қатты ұнайды! Өмірдін шындығын сөзбен жеткізіп береді! Шынғыс Алкеев бастаған АШ КАЗАК про ға айтарым жолдан тайынбай тек алға бас деген ТІЛЕК тілеймін! :mrgreen:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев