"Ұрпақтар сабақтастығы": Ұлағатты ұстаздармен жастардың кездесуі

"Ұрпақтар сабақтастығы": Ұлағатты ұстаздармен жастардың кездесуі
жеке
блог

Бәйдібек аудандық "Жас Отан" жастар қанатының филиалының ұйымдастыруымен Шақпақ ауылында орналасқан Ғ.Мұратбаев атындағы мектепте "Ұлағатты ұстаз" орденімен марапатталған Наби Нысанұлымен және ақын, сазгер, 60-тан астам әннің және 10 күйдің авторы Абдиманап Сарсенұлымен "Ұрпақтар сабақтастығы" алаңында жастардың кездесуі өтті.

Кездесуде ұлағатты ұстаздар өздерінің өмірлік тәжірибиелерімен жастармен бөлісті. Жастарға "Отан", "Тәуелсіздік" деген қасиетті ұғымдарды қастерлеуге, құрметтеуге, көркейтуге шақырды.