Ұлыстың ұлы күні де келіп қалды.

Ұлыстың ұлы күні де келіп қалды.
жеке
блог

Көктем келіп,Ұлыстың ұлы күніне де жеттік.Бұл күн қазақ халқы үшін ерекше мейрам,яғни қазақтың жаңа жылы.Алайда орыстың жаңа жылындай тойламайтынымыз өкінішті.Тәуелсіздік алғанымызға 20 жыл болсада көбіне орыстың жаңа жылына көп мән береміз.Дегенмен,көңіл-күйімізді түсірмей,көктемнің шуақты күнінде Наурыз мейрамын керемет өткізейік дегім келеді.Сол күні ұлттық киімдер киіп,бір-бірімен көрісіп,көже ішіп,мәре-сәре болғанға не жетсін!Барлығыңызға осы мейрамды жақсы етіп өткізулеріңізге тілектеспін!