Сау адамдар неге қайыр сұрайды?

Сау адамдар неге қайыр сұрайды?
жеке
блог

Бұл блогтың жазылуына "Қайыршы қыз сұхбатынан түйген ойлар..." блогы себепкер болды.  Блогқа еш сөзім жоқ, садақа сұрау жайлы өз ойымды жазғым келді.

 Ойлап отырып есіме бір жігіттер түсіп кетті поезда қайыр сұраған, осыдан 2 жыл бұрын 2012 ж. Алматы – Астана поездымен Астанаға жолға шықтым, жолда қай станцияда екені есімде жоқ қазақтың  екі жас жігіті жас шамалары 20-24 одан аса қоймайды, домбыраны қолдарына алып жолаушыларға жолын болсын деп, әр вагонның есігіне барып әндер айтып, берген тиын-тебендерін ұялмай-ақ қабыл болсынды айтып алып жатыр. Таң қалдым, қол-аяқтары сап-сау, ақыл-естері дұрыс  мына екі жігіттің осылай жүргеніне. Ештеме бермедім. Қол-аяғы сау адамдарға бермеймін де. Қайтар жолда 1 аптадан кейін әлгі екі жігіт тағы сол поезда сол әндерін айтып қайыр тілеп жүр. О, сұмдық, айналайын-ау, одан да неге қолдан келетін жұмыс жасамасқа? Арба сүйре, етік шегеле, көше сыпыр, туалетте кассир бол, біреудің қорасын тазала  т.с.с. неге еңбекпен таппасқа, қашанғы біреу береді, өзіне сол ақша қалай жиіркенішті емес, соқталдай, тепсе-темір үзетін азамат ата-әжесіндей кісілерден тиын жиғаны, оларға көмек бергеннің орнына. Көшеде жалпы дені сау адамдар өлең айтып, музыка ойнатып, қоғамдық көлікке кіріп жаттанды жағдайын айтатындар  т.с.с. қайыр сұрап тұрса жыным келеді. Адам деген - құдай күнімді ешкімге қаратпасын – деп тілеуші еді. Бұлардыкі  жалқаулық, намыстың жоқтығы, соншалықты жиіркенішті  өзін де, өзгені де бағаламайтын жандар.

 Мысалы жаңағы видоедағы болсын, басқа да сондай жүргендер - иә, елінде жағдай жоқ, тамақ жоқ ҚР-на келуге мәжбүр болды күн көру үшін. Қайыр тілемей қара жұмыс жасауға болады ғой? Бұлай жүргендердің қасында  келіп жылда қаншама құрылыс салып жатқан Өзбек, Қарақалпақтардыкы таза еңбек. Солардың бәрі Қазақстанда қайыр сұрап жүрсе оларға да жанымыз ашуы керек пе?

 Жалпы жақсы емес екені баршамызға аян! Әрине жүрегіміз ауырады қайыр сұрап тұрған қарттарды, қараусыз балаларды, кемтар жандарды көргенде - баласы қайда  екен, әлде өліп қалды ма, ата-анасы неге тастады екен, құдайдың салғаны ғой деп жанашырлықпен қараймыз. Бірақ кездесіп жатады баласын, ата-анасын, кемтар жанды пайдаланып соның тапқанына күн көріп отырғандар! Мұндайдан құдай сақтасын, шарасыдық болар мүмкін олардың ісі де, кім білсін?!

 Адам болғасын әрине неше түрлі ой-қиялдар болады, бірақ денің сау болып тұрып қайыр сұрап нан тапқанша (бай болғанша) – бірде бар, бірде жоқ, қарызбен, тапқаны пәтер мен күн көруге жетіп, айдан айға ауырмай-сырқамай безіп жүгіріп жүргенге не жетсін! Алла ешкімге алақан жайғызбасын, менің ойым!