жеке
блог

Қызыр атаның барына сенесіз бе?

"Ұлыстың ұлы күні" - күн мен түн теңеліп, жан - жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін, жер бетіне шаттық орнайтын күн. Халқымыздың ежелден бері келе жатқан мифологиялық түсінігі бойынша 21 - наурыз түні жер бетін Қызыр ата аралайды екен. 

  Халық ұғымында Қызыр ата -  барлық халықтың қамқоры, жақсылық әкелуші, ырыс, несібе, бақ пен береке, құт сыйлаушы, ерекше қасиетті бойына сіңірген әулие, көріпкел, жарылқаушы қария. Ол ұыстың ұлы күні әр халыққа келіп, шаңыраққа соғып бата береді. Осы түсініктің әсері болар, әйтеуір Наурыз түні адамдар жанын да, тәнін де тазартып, барша әдемі киімдерін киіп, таза ыдыстарды бос қалдырмай, Қызыр ата дәм татсын деп, аққа толтырып қойып жатады. Үйдің ішін, сыртын, қора - қопсыны тазартып, Қызыр ата бата беруге келеді деп күтіп отыратындар қатары да баршылық.

    Өз басым Қызыр атаның барына сенбеуші едім, бірақ, осыдан бір - екі жыл бұрын жақын құрбымның аузынан өзінің үйіне Наурыз түні ақ сақалды, ақ кимді Қызыр атаның келгенін естіген едім. Бата беріп, қандай тілек тілейтіндіктерін сұрады дегенде сенер - сенбесімді білмей абдырап қалдым...

      Ал сіздердің араларыңызда Қызыр атаны жолықтырғандарыңыз бар ма? Жалпы Қызыр атаның барына сенесіздер ме?

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



Жұлдызды блогтар

Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі