Сіз білмейтін мен жайлы 25 дерек

Сіз білмейтін мен жайлы 25 дерек
жеке
блог

Жап-жақсы эстафетаны ортасынан үзіп тастайтындары жаман да. Өзім жайлы жазғым келді, мен жайында біле жүріңіздер. 

1. Мен фейкпін, иа мойындаймын. Бірақ, мен тек массагетте ғана бармын.

2. Фейк болуыма жалғыз себеп - жұмысым. 

3. Айтпақшы, жақында мені оқымай, көрмей қалуларыңыз мүмкін. 

4. Менің шынайы бет-пердем өзін қатал қадағалап ұстайды, ал мен керісінше ашық-жарқын, еркін екенімді көрсетуге тырысамын. 

5. Жарыс жариялаған кезде ғана топырлатып блог жазып белсенді боп кететіндерді ұнатпаймын, все таки шынай бет-пердем сияқты шынайылық ұнайды.

6. Барлық посттарды оқып-қадағалап отырам, Қазнетте қандай посттың қай жерде жазылғаннын бірден білем. Ну енді, арасында кейбірін білмей қалуым мүмкін бірақ массагеттегі әр жазбаны білем

7. Істеген қызметімді көрмеген кезде жынданып кетем, содан қатты көңілім қалып қалады. Содан кейінгі істерім маңызды болмай қалады.

8. Нигімдегі "Б" мен жақсы көрген адамның есімі қазір ұмытылған әңгіме ғана боп қалды

9. Жүрекпен жазылған блогтарды жақсы көрем

10. Машиналды, жазу керек деп жазылған посттарға пікір жаза алмай қиналам, мынау былай ғой деп айтқым келеді бірақ "сүйкімсіз" болғым келмейді.

11. Кейде бәрібір ойларымды басқара алмай кетіп, сүйкімімді кетіріп алатын кездерім болады.  

12. "Мен сонда істесем бүйтіп жіберер ем" деген ойлар көп мазалайды

13. "Әлем сенің маңыңда ғана айналып жатқан жоқ қарағым" деп өзімді сабырға келтірем 

14. Прям, өзі қатырып жатқандай болады,- деген бір кісінің сөзі көз алдыма кеп тұрады ылғи. 

15. Сыр қызының кейбір пікірлері шынайы бет-пердемді жерге жалп еткізіп бірақ түсіреді, әдейі солай жазатын сияқты сол қыз. 

16. Мен жақсы көретіндердің бәрі әйтеуір басқа жаққа кеткіш боп тұрады

17. Адамдардың пікірлерін өзгертуге құмармын, все таки өзімнің көз-қарасым дұрыс деп санаймын. 

18. Мені бәрі жуас, салмақты деп ойлайды енді ана шынайы бет-пердеміз екеумізді. Просто олар әлі екеуміздің жынымызға тиіп көрмеген ғой. 

19. Айтпақшы, жаман сөздерді көп айтам. Почти 5- сөзім жаман сөздер мен ойлардан құралады. 

20. Айка Б ға ғашық жігітке айтарым ренжімеші, саған кім екенімді айтсам сен  маған қарамай кетесің. 

21. Бірінші боп ешқашан пікірімді айтуға тырыспаймын, таразылап барып бірақ айтқан ұнайды, все таки соңғы сөз менде болу керек сияқты боп тұрады. 

22. Адамдардың мені бірден мойындамайтындары ұнайды, сонда мен мықты бола түсем. Өзімнің прям барлық мықты жағымды дәлелдегім кеп тұрады

23. Таңғажайыпқа сенем, млин таңғажайып боп бәрі бір сәтте өзгеріп кететіндей ой кешем соған алданып қалатын кездерім көп. 

24. Бүгін ойлап отсам, болашаққа нақты жоспар құрмайды екем, бүгінмен ғана өмір сүретінімді көріп жылағым кеп кетті

25. Достарым көп, бірақ ешкімге бірінші боп жазу, хабарласу жоқ екен менде. Жалпы алғанда жаман доспын.

Опшым барым осы. Кейде Айка Б отқан кезімде өзімді екі жүзді адам санап кетем Cry