Шырағың сөнбесінші...

Шырағың сөнбесінші...
жеке
блог

Ақ жаулықты асыл әжем ай сәулелі қымбаттым,
Үйретуден жалықпаған сырын талай жұмбақтың.
Жылдар салған маңдайдағы қиыр-шиыр әжіммен,
Нұр дидарлы ажарыңа қоңыр күздей мұң тақтың...

          Жаздың жайлы түнінде аспанда самсап тұрған жұлдыздар оқта-текте бірінен соң бірі артына сәулелі із қалдырып ағып кетіп жататын. Бала көңілімізбен «бір жұлдыз – бір адам» деп ойлайтынбыз да, «менің жұлдызым жоғары» деп іштей күбірлеуші едік. Әншейінде тек тәнімді тоңдыра алатын күрең күздің қоңыр салқын бір күні бүгін жанымды да жабырқатып, өмірімдегі ең жарық жұлдызды аспан төрінен алып тынды. «Сенің қызығыңды көрсем арманым жоқ» деп жүрген шамшырағымның келмеске кеткенін естігенде жүрегім қарс айрылып, көз алдым қарауытып кетті...          

          Ғасырлардың куәсі, тұла бойы шежіре тұнған, мейірімділіктің қайнар көзі болған ақ әжем өзінің мәңгілік мекеніне кетсе де, ішімдегі бір алабөтен сезім «жо-жоқ, ол тірі, ол аспанда сендерге жұлдыз болып қарап тұр» дегендей...

          Шырағың сөнбесінші...