Өмір жайлы бір-екі сөз

Өмір жайлы бір-екі сөз
жеке
блог

«Бас аман болса болды!»

Осы сөзді үлкендерден көп естиміз, ә. Көп естісем де осы сөздің мән-мағынасын енді түсіндім. Ең қымбат жандарым ауырғыштап қалды, қатты уайымдап жүрмін. Аллаға шүкір, жақсы боп кетеріне сенемін. «Бас аман, ден сау болса болды, басқа түк те керек емес» деп енді өзім де жиі айтатын болдым.

«Саған апа табыла ма, «жаман» болса да осындай апа таппайсың, үйге кіріп әңгімелесіп қайт»

деп атам айтып еді мен асығыс жүріп үлкен үйге соққанда. Менің «жаман» апам алтын апа ғой, асығып жүрген Ақмарал шәй ішіп, ет жеп бірақ қайтқан сол күні. Жақындарымыз жанымызда жүргенде аялап, ардақтап, қуантып жүрейікші, өмір өткінші, кешігіп қалмасақ екен.

  Өз-өзіне қол жұмсаған 18 жасар баланың қоштасу хатын оқуға тура келді. Көзім жасқа толып, денем дірілдеп кетті. Балаға жан жылуы жетіспепті. Менің танысым болғанда ғой сол бала, барынша сырлас болып, қолдау көрсетер едім.  Өмірді қалай ғана қиып кетуге болады. Өзің үшін болмаса да әке-шешең мен бірге туғандарың үшін, олардың жандарын ауыртпай, оларды аялап өту үшін өмір сүру керек қой. Олардың  басы ауырып қалса менің жаным ауырып қалады оларды уайымдап.  Отбасы- бірге жұмыс істейтін механизм. Біреуінен кінәрат шықса қалғандары да жұмыс істемей бұзылып қалады.

«Байлық деген мал-мүлік емес, байлық ол-отбасы» осы сөзді өте тереңінен ұғындым.

 

Сірә бұл ержету деп аталады......