УЕФА Чемпиондар лигасының жеребиі

УЕФА Чемпиондар лигасының жеребиі
жеке
блог

Швейцарияның Ньон қаласындағы УЕФА-ның штаб-пәтерінде Еуропадағы ең үздік турнирінің жеребиі өтті. Жеребиді УЕФА-ның бас хатшысы Джанни Инфантино мен Мюнхен финалының елшісі Пауль Брайтнер өткізді. Жереби кездейсоқ таңдау арқылы өткізілді. Сондықтан бір елдің атынан түскен қос команда да, ширек финалда кездесіп қалуы мүмкін еді.

Еуропаның ең үздік 8 командасының қатарында қазіргі кубок иегері Барселона, Барселонаның мәңгілік қарсыласымадридтің Реалы, финал қожайындары мюнхендік Бавария, осы жарыстың 7 дүркін жеңімпазы Милан, ағылшындардың Челсиі, португалиялық Бенфика, францияның Марселі және осы жылдың басты сенсациясы кипрлік АПОЕЛЬ командалары. Жереби бойынша командалар төмендегідей жұптармен ойнайтын болды.

Чемпиондар Лигасының 1/4 финалы

Жартылай финалда, "Марсель" (Франция)-"Бавария" (Германия) жұбының жеңімпазы, АПОЕЛЬ (Кипр)-"Реал"(Испания) жұбының жеңімпазы мен ойнайды. Ал "Бенфика" (Португалия)-"Челси"(Англия) жұбының жеңімпазы, "Милан"(Италия)-"Барселона"(Испания) жұбының мықтысымен өзара кездеседі. Ал бірінші жартылай финал жеңімпазы, мюнхен финалының атаулы қожайыны болады.

 

Матчтар кестесі
Ширек финалдар: 27/28 наурыз және 3/4 сәуір
Жартылай финалдар: 17/18 және 24/25 сәуір
Финал: 19 мамыр, "Арена Мюнхен", 20:45 СЕТ