Мен оралам ...

Мен оралам ...
жеке
блог

Мен оралам,
Бір күндері, күт мені,
Сен көрмеген, сен білмеген бейнеде,
Танымастай қарап өтем бір түрлі
Сезіктенбе сөйлеме...

Орап алған көрпесіне сары мұң,
Мазалайды тыным бермей тәтті үнін,
Кездесуді мәңгілікке сенімен
Жолықпасқа жазғаның ба тәңірім...

Бақытты етем сөз беремін, рұқсатпа,
Мені басқа ешбір жанға ұқсатпа,
Бұл ғаламда сеннен артық,ең ізгі,
Саған ешкім тең бола алмас ұқсапта...

Мен оралам 
Бір күндері, күт мені,
Сен көрмеген, сен білмеген бейнеде...

 

 

 

 

сурет: www.oloveza.ru