Тойжарыста бақ сынап, «Той BestStar»-дан сыйлық ұтыңыз...

Тойжарыста бақ сынап, «Той BestStar»-дан сыйлық ұтыңыз...
жеке
блог

«Той BestStar» - тойдың ең жарық жұлдыздарын бір жерге жинайтын думан. Ол тойдың иелерінен бастап қонақтарына дейін. Қазақ халқының тойдағы салт-дәстүрі, тойдағы әр кейіпкердің бейнесі зерттелмеген ғаламшар сияқты. Сондықтан тойдың барлық қасиеттерін бір жерге жинақтап, жан-жақты талдап, ашу «ТойBestStar» думанының басты мақсаты.

      «Асабалар аламаны» жалғасуда... Қызылорда өңірінің атынан келіп отырған асаба – Нұрлыбек Мамайұлы. Ол: «өткір сөздің, ұшқыр ойдың эталонымын» деп мақтанады. Ендеше Сыр өңірінің жігітін қолдап, дауыс беріңіздер!!!

       Астанадан ат басын бізге бұрған, Қазақстан әйелдерінің бақытын ойлап жүрген    Ләйлә Сұлтанқызы өз құпияларымен бөліседі. Сізді мазалап жүрген сұрақтарыңыз болса, хабарласуға болады.

       «Тойжарысқа» талмай, шаршамай видео жолдап жатқан көрермендерге алғыс.  tbs@ktk-tv.kz мекен-жайына тойдың қызықты видеосын жолдаңыздар. Сізден қызықты видео, бізден қымбат сыйлық!

        Сырым Исабаев, Мақпал Исабекова, «V-Alem» тобы,  Тамара Асар, «Арай» тобы мен «Mysterions» тобы тойдың хиттерін ұсынады. Жаңа әндерді тыңдауға асығыңыздар!

       «Той beststar»-да Сара қыз, айтыстағы дара қыз қонақта. Ақын қыздың сөзге шеберлігі тағы бір сыналды.

       Тойфакторда  «Орда» тобының белді мүшесі, әнші, актер Дастан Оразбеков үлкен сынақтан өтеді. Шыдаса 5 жұлдыз, шыдамасаң бос жұлдыз алу қаупі бар.

        Той деген алтын қазық екен. Ырыс айналып, береке байланып тұрады. Әрине, сол ырыс пен береке тойға келген адамға жұғады. Сондықтан қазақ тойдан қалмаған.

     «ТойBestStar» думанын осы сенбі, 22.00-де КТК телеарнасынан тамашалаңыздар