Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Орман жаққа ұлыған бөрі ағам-ай...

Орман жаққа ұлыған бөрі ағам-ай...

Орман жаққа ұлыған бөрі ағам-ай...

Жылама, балам! Қой, еңсеңді түсірме! Саған ренжіген жоқпыз. Атаң мен әжең ақ батасын беріп отыр,балам! Әйтеуір, қайда болсаң да бақытты болшы! – деп атасының аяғына жығылып еңіреп отырған немересінің асты-үстіне түсіп әжем шыр-пыр боп жүр. Немере бала бірнәрсе айтқысы келеді. Айта алмады... Жетпістің біразына жеткен алып әкенің тізесіне басын қойған күйі жылай берді. Жылай берді...

Жеңіс пен Жанкелді. Екеуі құстың қос қанатындай тең өсті. Ауылда біреу артық сөйлей қалса: «Жеңіске айтам» десем, аузын аша алмай қалатын. «Жеңіс пен Жангелдінің қарындасы ғой» деп ешкім тиіспейтін де. Жеңіс 9-сыныптан соң коледжге түсіп қалаға кетті. Артынша Жанкелді 11-ді бітіріп ағасының артынан қалаға ол да кетті. Екеуі бір-біріне серік еді. Оқуларын оқып жүріп, жиһаз жасайтын агенттікке жұмысқа тұрды.

Мен мектеп бітірген жылы Жеңіс те оқуын аяқтап, қолына дипломын алды. Қуаныш үстіне қуаныш қосылып, үлкендер менің «Алтын белгі» алғаным мен ағамның дипломын «жуып» жүргенде, Ақтау асып кеткен Жеңістің анасы келгендігін естідік. Соңғы жылдары қарындасы ағасын өзі іздеп тауып келгіштеп жүрген. Бұл жолы қарындасы Жанар жалғыз келмепті. Ағасын анасымен табыстырмақ. 14 жыл бұрын Жеңісті ата-енесінің қолына тастап, қызын ғана алып кеткен ана бүгін ұлының алдында ақталмақ боп келіпті. 14 жыл бойы «Балам қалай?»деп іздеп келмеген анасына деген Жеңістің өкпесі көп еді. Қарындасы жалынып қоймағасын, амалсыз анасымен кездесуге кетті. Арғы жағы өзімізге де аян емес. Әрине, ана ақталды, ағынан жарылды. Жылады, кешірім сұрап аяғына жалынды.

Қысқасы, Жеңіс сол кездесуден соң өзгеріп келді. Анасымен қыдырып Ақтауға кетпек болып шешті. Оның себебін сұраған бізге көп кешікпей келетіндігін айтып бір-екі күн ішінде жолға шығып кетті. «Жарайды, барса, барып келсін. Қандай болса да анасы ғой. Ертең-ақ келіп қалады»,- деп әжем өзін-өзі жұбатып жүрді. Бірақ олай болмады. «Осы жақта керемет бір жұмысқа тұрдым. Айлығы жақсы екен. Ақша жинап алайын, сосын қайтам»-деген ағамның даусын ғана еститінбіз телефонның арғы жағынан. Оны сағына бастадық. Немере ұлынның жолын тосқан ата мен әже жүрегі сағынды оны. Егіз қозыдай қатар өскен іні жүрегі қатты іздеді оны. Екі ағасын қос қанатындай санайтын қарындастың жүрегі сағынды оны. Екі ұлға тәрбиені аямай, ел қатарына қосқан аға жүрегі(Менің әкем) сағынды оны. Өз баласынан кем көрмей ер жеткізіп өсірген жеңге жүрегі(Менің анам) сағынды оны. Жалғыз ұлын медет етіп жүрген әке жүрегі сағынды оны. Мен Алматыға оқуға кеттім. Ал ол болса анда-санда қуантып жүзін бір көрсетіп кететін. Енді ол қара шаңыраққа қонақ болып келіп, қонақ болып кететінді шығарды. Оралмады... Менімен де, ағаммен де хабарын үзді.

Қысқы демалыста ауылға мен де барғанмын. Жеңістің қалада бұрыннан жүретін қызы бар болатын. Соған жақында үйленетінін естідік. Үйдегілермен хабарласуды сиреткен ағамның үйленбек боп жүргенін алыс туыстарымыздан естіп тойға іштей қамданып жүрдік. Өз аузынан естімек болып қоңырау шалған әжеме «Тойды қайда жасайтынымыз белгісіз әлі. Өзім бір хабарын берермін»-деп жауап беріпті. «Осындай да сөз бола ма екен?! «Белгісізі» қалай? Әрине, осында өз қара шаңырағында... Басқа қай жерда жасаушы еді тойды?! Туыстары да, дос-жараны да осында ғой. Атасы мен әжесі тірі тұрғанда қалайша бұлардаң баталарын алмай өзге жерде жасамақ?! Той жасап беруге біздің шамамыз келмейді дей ме екен?!»- деп шулады туыстарымыз. Мұны шығарып, шешім қабылдаған Жеңістің шалқыған бай «папасы» екен. Жақында ғана тұрмысқа шығып кеткен қарындасы Жанарды ортаға салып, ол жылап жүріп, әйтеуір тойды да, басқаны да сонда өткізетін болып шешіпті. Бұл жайында естіген менің туыстарымның бәрі ызаланып, қапа болып жүр. Әжем талай рет қысылып ауырып қалды. Үйге аға-әпкелер жиналып кеңес құрды. «Дап-дайын, дипломын қолына енді алған кезде керек етіп қалып па? Ұл керек болса 14 жыл қайда жүріпті? Ер жетіп отырған баламызда иеленіп алғанына да «мейлі» дедік, енді туыстарынан мүлде қол үздіріп, қуанышына ортақтастырмай жатқанына не дерміз?!»-деп олар Жеңіске қайта қоңырау шалды. Бірақ Жеңіс «ләм-мим» деп ауыз ашпады. Қайтсін, шарасыз ғой... Бәрін түсіндік... Біз де қойдық... Өгей әкенің мұнысына да «мейлі» дедік. Бұл жайтты Жеңістің өз әкесінен жасырдық. Ол естісе баяғы «әуеніне» басып, аузына «ащы суды» қайтадан алып кете ме деп қорықтық. Қорыққанымыз келді. Бәріміз Жеңістің жайын әңгімелеп, жылап отырғанмызды көріп қойып, кешкісін «тойып» келді. «Күйіп кеткендіктен іштім» дейді ол. Осы ішкілік болатын әп-әдемі шаңырақты ортасына түсіріп, аға мен қарындасты екіге жарған. Бүгін, міне, соның кесірінен немересіне бауыр басып қалған әже жүрегі қарс айрылып отыр.

Жеңістердің қалаға келгенін, бүгін кешкісін қыздың үйіне барып, ұзатып алып шығатынын естіп жатырмыз жан-жақтан. Әжемнің көңілі елеңдеулі болып, шақырып қала ма деп жаутаңдап жүрді. Жоқ, біздің отбасымыз мүлде елеусіз қалып қойды. Түн ортасында әжемнің жылап жатқанын естіп орнымнан атып тұрып барсам, қысылып жатыр екен. «Қызым, Жеңіске звонда, айтарым бар. Ол жүгәрмек қалай мені ұмытып кетті екен, а? Айтшы, мен оны ешқашан да ренжіткен жоқ едім ғой. Жетім ғой деп талай рет ол үшін сендердің араларыңа түскен жоқпын ба?.. Жеңісті ренжітіп қойсаңдар сол үшін сендерге мен де ренжіп жүрмеуші ме едім?! Енді, міне ол мені өз қуанышына қоспай, тірідей өлтірді ғой. Әәәй, ақымақ балам-ай! Звонда, звонда бол! Мен оған осының бәрін айтуым керек»-деп әжем көз жасын ағыл-тегіл төкті. «Кешір, апа-ау, бұл жолы мен сіздің айтқаныңызды тыңдай алмаймын. Оған телефон соқпаймын. Сізбен сөйлескеннен соң, Алла сақтасын, оған бір нәрсе бола қалса әжесінің көз жасы ұрды деп жатар»-деп оны әрең бастым. Ертесіне әжем қатты ауырып қалды. Екінді уақытта Жеңіс қоңырау шалып, қалыңдығын алып ауылға келе жатқанын айтты. Ойы – атасы мен әжесінен бата алып кетпек екен. Кешкі пойызбен Ақтауға жүретін көрінеді. Ауырып жатқанына қарамастан әжем ырымын жасамақ болып адыраспан дайындады. Келінім отқа май тамызып, босағаны оң аяқпен аттасын деп барлық нақышын жасамақ боп жүр. Әулеттің жаңа түскен келіндеріне жабатын ақ жаулықты шығарды сандығынан. Оны «Келініңіздің бетіне сіз жабасыз»-деп үлкен әжемізге тапсырып, өзі шашуын дайындап әлек болып жүр. Жан-жақтағы туыстарымызды шақырып, біз де дастархан жаюға кірісіп кеттік. Бірақ ешкімде көңіл-күй жоқ. Қайдан болсын?.. Көп кешікпей олар да келді. Есік алдынан мен ғана шығып, күтіп алдым. Көліктен алдымен Жеңістің қарындасы Жанар, сосын оның күйеуі түсті. Бұрындары келгенде құшағымыз ұзаққа дейін айқасып тұратын әпкеммен бұл жолы өте көңілсіз амандастым. Жасырып қайтем, ішімде оған деген ызам жетерлік еді. Артынша менің көптен көрмеген жан ағам түсті көліктен. Өзімді ұстап тұра алмастан қүшақтап алдым. Біраз нәрсе айтып тастағым келді. Сабыр қылдым. Соңынан қызыл орамалды келіншек түсті көліктен. Бұл ағамның қалыңдығы – Айсұлу еді. Алдымыздан әжем шығып бар ырмын жасап жатты. Немере келінінің маңдайынан иіскеді де, көз жасына ерік беріп қойды. Жеңістің жүзіне қарай алмастан, бауырына баса берді. Қара шаңырақтың асқар таудай иесі – атам іште отырған. Келіні иіліп сәлем салды қайын атасына. Немересіне ұлан-асыр той жасап, еншісін беріп отауын тігіп бере алмағаны үшін атам да өзін-өзі іштей жеп жүрген. Бәріміз дастархан басына жиналдық. Тілектер де айтылды, ақылдар да айтылды. Бейне бір қыз ұзатып отырғандай бәріміз тілек айтқан сайын жылай бердік. Осынша көз жастардың төгіліп жатқанын бәрі де сезіп отыр. Жанар да, жас келін де жылап отыр. Жеңіс қана үнсіз. Үйдің үлкен ұлы Жеңістің өзіне сөз берді бір кезде. Ол енді ғана сөз бастап келе жатыр еді, ер болса да еріксіз жылап жіберді. Ештеңе деген жоқ, диванға басын қойған күйі жылай берді, жылай берді. Оны көргесін қалай ет жүрегіміз езілмесін?..

Ата мен әже ақ пейілмен қолын жайып тұрып ақ батасын беріп, кұлындарына ақ жол тілеп шығарып салды. Беташары сонда жат жерде өтті. Жуырды тойы.

Жеңістің не айтқысы келді екен?.. Кешірім сұрағысы келді ме екен? Бай «әкенің» алдында шарасыз екенін айтқысы келді ме екен?.. Қарттардың разылығын ала алмай қалам ба деп нала болды ма екен?..

P/S: Үйге телефон соғып жағдайларын сұрап тұрам. Әжемнің әлі де айтатыны - Жеңіс. «Жеңіс мүлде хабарласпайды, тіпті ол мені 8-наурызыммен де құттықтамады», - деп отыр әжем ренжіп.

Қайтеміз, әже, аман болсыншы...

2055 12
Рейтинг: +1

Жазылған уақыты: 16 наурыз 2012, 15:45
Пікірлер
+0
16 наурыз 2012, 17:08

Қызық әңгіме, бірақ соңы жұмбақ болып қалғаны жаман екен.

+0
19 наурыз 2012, 16:14

бізге да жұмбақ

+0
16 наурыз 2012, 17:36

Тілектес болғаннан басқа не айтарсыз?! Бақытты болсын! Бірақ ата -мен әжені ренжітіп кеткені болмаған екен, құдайын ұмытты деп айтады емес пе ондайларды. Оны ешкім байлап қойған жоқ, хабарласып келіп-кетіп жүрсе үлкен кісілер соған да риза болар еді ғой!

+0
17 наурыз 2012, 01:35

Жылағым келдіі(((Шынымен не айтқысы келгенін кім білсін?! Әже мен атаға обал...бақытты болсын енді....

+0
19 наурыз 2012, 16:13

айтқаныңыз келсін

+0
17 наурыз 2012, 16:04

id=312 alt=':Расстраиваюсь:'

+0
19 наурыз 2012, 16:29

Сол "ит ішпес ащы судың" кесірі айрандай ұйыған қаншама шаңырақтың керегесін қақыратып кетті десеңші, мұңайма құрбым. Нала да болма, әр нәрсенің қайтарымы мен сұрауы болары хақ!

+0
19 наурыз 2012, 16:34

соңғы кездері Жеңістің денсаулығы болмай жүр екен. Аман болсыншы әйтеуір!

+0
19 наурыз 2012, 18:32

Мағананда қиын болмай қалды,бауырымды сағынып кеттим!Кішкентайдан бірге өстік емеспа.Әке-шешм айтатын екеуізге ,-кайсыларыңнын әйлдерін жаксы сол үлкен үйде қалады дейтін! Мектепте оқып жургенімизде екеумизди егіз дейтін бари,бірдей киім,бір партада ,ол 1нші атаман,2нші атаман едім.Ех Ех ех аман бол!

+0
19 наурыз 2012, 18:36

кеіпкері жүр мунда)

+0
19 наурыз 2012, 18:36

енді өзін бірінші атаман

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев