«Қарттар - асыл қазыналар-2» немесе «Жанайғай»

«Қарттар - асыл қазыналар-2» немесе «Жанайғай»
жеке
блог

Алдыңғы аптада қарттар үйіне барып қайтқанмын. Қал-жағдай сұпауға емес. Бір досым сол жерде жұмыс істейді. Соған көмектесуге. Ар-арасында қарттарға да көмектесеміз ғой енді, ол жоқ емес. Әуелі досым жайлы айтайын:

 

Есімі - Нақып. Негізі - Накип, бірақ қазақша түсінетін, сөйлейтін болғандықтан қазақшалап атаймын. Жасы 70-тің арғы жақ-бергі жағында. Сол жердің бақташысы. Негізі бұл кісіні де бала-шағасы бақташысың деп алдап тастап кеткен болуы керек, үйіне барып қонғанын көрген де естіген де емеспін. Тұратын жері қарттар үйінің жертөлесі.

/userdata/users/user_63263/1411731260.jpg

/userdata/users/user_63263/1411731280.jpg

Бұл кісімен бұрын осы жерде жұмыс істеген досымның арқасында таныспын. Өте жақсы адам. Алтын адам. Біраз уақыт электрик болып жұмыс істеген, кейін пенсияға шыққаннан кейін бақташымын дейді. Сол күні мені өрік теріп алып кет деп шақырған. Бірге теріп жүрміз. Бір кезде қарттар үйінің ішінен бір кісінің жан дауысы шықты. Бұл кісілерді азаптайды ма деп шошып Нақып атадан сұрасам «Иә, азаптайды. Сағыныш азаптайды» дейді. «Сағыныш деген кім? Оның азаптауға қандай хақысы бар» деп ойланып қалдым. Сөйтсем Нақып атам мұнда жатқан кісілер «сатқын» балаларын сағынып, күйгеннен айғайлайтынын, азаптайтын сағынышы сол сатқындарға деген адам Сағыныш емес, сезім сағыныш екенін айтты. Әй бір оңбай қалған балаларын сағынады екен ғой сонда. Ол кісілер де әке-шешеғой, жүректелі езіліп, қанталап жатады екен...

 

Талдардың арасында жүрміз (өрік теріп жатырмыз ғой енді), жерге қарасам толған бөтелке, арақ, коньяк «айналайынғой», жерде олардан бөлек этил спиртінің, тройной одеколонның, тіпті мұрынға тамызатын «нафозолиннің» құтылары жатыр. Оны да сұрадым. «Күйгеннен ішеді да» дейді Нақып атам.

/userdata/users/user_63263/1411731307.jpg

 /userdata/users/user_63263/1411731333.jpg

Дидахмет Әшімханұлының «Жылыжайдың қияры» (алжымасам осылай болуы керек атауы) есіме түсіп кетті...