Мұстафа Өзтүріктің Қаражорға билеуі!!!

Мұстафа Өзтүріктің Қаражорға билеуі!!!
жеке
блог

Өзтүрік Мұстафа

Мұстафа Өзтүрік (1954 – 1995 жж.) Қазақстанда таэквондо федерациясының негізін қалаушы, спортың сайыпқыран саңылығы.

Тәуелсісіздіктің бастауында азаттықтың алғашқы қарлығашындай болған азамат ата жұртына жиі келіп, жастарға шығыс жекпе-жегі – таэквондо спортын үйреніп, әр қазақтың жүрегіне жол тапқанын көзіміз көрді.

Тоқсаныншы жылдардың басында қазақ топырағына алғаш табаны тиген Мұстафа бір топ шәкірттерімен спорт сайысында өнерін көрсетсе, қазір республикада таэквондо жекпе-жегімен жиырма мыңға тарта жас шұғылданады. Бүгінде әр аймақ, облыстарда таэквондо мектептері ашылған. Өрімдей қазақтың қыз-жігіттері Мұстафаны пір тұтады.

Өзім де соңғы кездері спортпен, соның ішінде таэквондомен қатты айналысқым келіп жүр. Өзтүріктің атағын шығару біздің де міндетіміз шығар??? Сол мақсатпен алматы қаласында таэквондо мектептерін іздеп жүріп, бір қызықты материалға кезіктім! Сөйітсем  марқұм Мұстафа Өзтүрік тек спортшы ғана емес, ол сонымен қатар кино актері де болған екен. Филімдерге түскен кезде қазақтың мәдениетіне айрықша мән береді екен. Ол 1986 жылы Ыстамбұлда түсірілген Алатай филімінде қаражорғаны өзі ойнап берген. Соны қабыл алыңыздар: