Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Кешірші, Көке...

Кешірші, Көке...

Кешірші, Көке...

Осы бір оқиға менің есімде анық сақталып қалыпты. (неге екенін білмеймін)

Менің жасым шамамен 3-4терде болуы керек, қыстың бір ашық күнінде  әкем мені арқалап балабақша алып бара жатқан. Әңгіменің неден басталғанын білмеймін, бір кезде «мен сізді кім деп атайын, әке дейін бе, көке ме, папа деп пе әлде тәте дейін бе?» деп сұрадым әкемнен. (Менің алдымдағы әпкем атасының қызы болғандықтан әкемді «тәте», (аға) деп, мамамыздың атын атайтын. Ал мен әкемнің өз қызы болғандықтан, оны  кім деп атайтынымды білмей жүрген болуым керек.) «Өзің біл» деді ол. Мен сәл ойланып «Онда мен сізді көке дей беремін» дедім. «Мақұл» деді әкем. Сол күннен бастап мен әкемді «көке» деп атадым. Менің бастауыммен көкем өзінің 9 бауырының балаларына да «көке» болды. Қазір бәріміз «көке» дейміз. Сосын інім Бәйдібек кішкентайында әпкем Гүлдәу, мен Балдәу болған соң, көкемді Көкедәу, маманы Мамадәу деп кетті. Біз де еркелеп "Көкедәу" дейтін болдық ары қарай.

Көкемнің өз жекеменшік қызымын. Түрім де, сөзім, мінезім де көкеме ұқсаған. Сыртта көрген адам «Мынау Жаңканың қызы ма, ұқсап тұр ғой» дейтін үнемі. Мен мәз болатынмын. Соған мақтанатынмын. Үйде «мамама ұқсағандармен» үнемі соғысып жүретінмін, өзімді ерекше сезініп.

Көкеме ұқсап сабақты жақсы оқыдым. Атам үнемі: «Жаңканың мына жаман қызы озды-ау менің қыздарымнан» деп отыратын мен жарыстан орын алып немесе бір жетістікке жеткен сайын.

Көкем үйге әкелген газеттерден «не оқыдың?» деп сұрайтын. Оқыған оқиғаларға пікірімді айтқызатын. Соңында екеуміз келіспей, үнемі қарсы пікірде боп шығамыз. Мен өз сөзімді дұрыстап қызылкеңірдек болам. Осы үшін екеумізді «аталары ерегістен өлген, сосын бұл екеуі де осылай ерегісіп отырады» деп сипаттайтын үйдегілер. Қазір ойласам көкем әдейі маған қарсы пікір айтып өз пікірімді дәлелдеуге машықтандырыпты мені.

Ата-әжем үйіне барған сайын амандасып болған соң ақырын жылжып атамның кітаптары тұратын шкафына қарай жүрем де бір кітап алып бұрышта оқып отыра берем. Әжем: «Басталды. Бұларға сол тамақ қой» деп күлетін. Жеңгелерім: « Бұл қиялиға кітап болса болды» деп мазақтайтын. Тамаққа шақырса да кітапты тастамаймын. Сосын әжем: «ауру ғой бұлар, атасынан әкесіне жұққан, әкесінен осы қызға өткен тұқымқуалайтын ауру. Әкесі айдың жарығымен ұрланып оқитын кітапты кішкентайында» деп ұрсатын. Көкем берген қасиеттің бірі - сол.

Көкем екеуміз үйде үнемі әзіл әңгіме, күлкілі оқиғалар айтып, соларды қайталап, біреулердің қимылдарын мазақтап, қисық сөздермен күлдіріп отырамыз .Әңгімеміздің бәрі сондай. ))). Мамам: «Бұл екеуіне біреуді мазақтауды беріп қойса алдарына жан салмайды, өздеріңе қарап алсаңдаршы» деп ұрсатын. Көкем сияқты көңілді жүруім осы кезде басталыпты.

Жоғары сынып оқитын кезім. Мектептің артында жабайы алмұрт өсетін. Сабақтан қайтарда ұл-қызымыз бар бәріміз сынып бойынша сол алмұртты жерге түсіре алмай, жаппай ағашқа тас атып жатқанбыз. Көкем жұмысына қарай өтіп бара жатқан. Тоқтай қалып «Сендерге қалай түсірудің әдісін үйретейін бе?» деді. Жамырап «ияяя» деп жатырмыз. «Бәрің ортадан ақша шығарып бір маймыл сатып алып, талдың төбесіне жіберіңдер, сол түсіріп береді» деп күліп бара жатыр. Көкем үлкен-кішімен бірдей, орынды әзілдесе білуді үйретіпті маған осылай.

10-сыныпта жаңа жыл кешіне арналған концертке шашыма «прическа» жасатып, кешке қарай «бешірге» кетейін деп дайындалып жатқам. Көкем келді. Қызулау екен. Маған «қызым, әдемі боп кетіпсің» деді. «Рахмет» деп қоям. Біраз отырды да: «Қызым, жақсы жігіт болса, өзіңе ұнаса сөйлесе бер, онда тұрған ештеңе жоқ» десе бола ма? Ұялғанымнан сыртқа зыттым. Көкем өзімен ашық сөйлесуге болатынын, әке ретінде сырласа алатынын білдірсе керек.

Көкем оптимист болуға үйретіпті. Ол ешқашан «жоқ» деп айтпайтын. Ақшасы болмай тұрғанында ақша сұрасақ «ақша деген не ол, ақша көп, қазір жасаймыз. Жібек, менің ақша жасайтын станогымды әкелші» деп күлкіге айналдырып, алдандырып жіберетін бізді.

«Жас Алаш» газетін оқып отырады үнемі үйде. Оқуда жүрген кезім. Бірде телефонда сөйлескенімізде көкем «жастар митингке шығайын деп жатыр екен» деп қалды. Мән бермегем. Сол күні таңертең (демалыс күні болатын) қоңырау шалып: «неге ұйықтап жатырсың, бармайсың ба, саған бәрібір ме?» деп ренжіді. Барып қайттым ғой митингке көптің бірі боп. Ауылға бір барғанымда «Нұр Банктің тірлігі не болып жатыр?» дейді. «Білмеймін» десем, «сол жерде жүріп білмейсің бе?, сені оқып жатыр, көзі ашық деп жүрміз, сенен информатикаңды оқыдың ба деп кім сұрайды, жаныңда болып жатқан оқиғалардан хабарың жоқ, сенің оқығандығың сондайдан білінеді» деп сөйлеп еді. Бұнысы  айналаңда, қоғамда болып жатқан оқиғаларға бей-жай қарамауға үйреткені екен.

Өткенде жол жүріп бара жатып үйге келген. «Люстра шамды іліп беріңіз» деп жабыстым. Оңай бола қоймады. Ұзақ әуреленді. Еш қиналмай жанында жағаласып, заттарын әкетіп қалып, ойнап жүрген Шынарға да қабақ шытпай, әңгімелесіп, соның қылықтарына күліп жұмысын да аяқтап үлгерді. «Не деген шыдамды» деп ойладым мен. Оның орнында болсам Шынарға ұрсып үлгерер ем.

Көкем мені өмірдегі бар жақсыға үйретіпті. Әлі де үйретері мол деп білем.

Көкемді қатты ренжітіп алдым өткенде. Содан бері көкем туралы көп ойланып жүрмін. Сол әрекетім оның маған қаншалықты ҚАДІРЛІ, КЕРЕК, ҚАЙТАЛАНБАС екенін ұқтырды.

 Кешірші, КӨКЕДӘУ. Ренжімеңізші маған. Балаңыздың шалалығын кешіріңізші. Сіз мен үшін дүниедегі ең жақсы әкесіз! Шынар мен Айназға да ең керемет ата болыңызшы!

9
Рейтинг: +5

Жазылған уақыты: 23 қыркүйек 2014, 12:24
Тегтер: әке, бала, қыз, реніш, кешірім, жақсы көру, жақсы кісі

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.