Жастар кадрлық резерві

Жастар кадрлық резерві
жеке
блог

Жасотандықтар әлеуетті шәкірттер таңдап, таңдаулы түлектер шығарады.

Еліміздің барлық аймағында «Жастар кадрлық резерві» жобасы жүзеге асып келеді. Жобаның мақсаты – заман талабына сай, 25 пен 35 жас аралығындағы, жұмыс тәжірибесі бар, оқып-үйренуге бейім,  сараптамалық ақыл-қабілеті және айқын көрінетін көсбасшылыққа спатқа ие басқарушыларды даярлау. Осыған орай, жыл басынан Көкшетау қаласының алдыңғы қатарлы компанияларында жобамен таныстыру рәсімдері өтті.

Ағымдағы жылдың 10 маусымында «Қазақтелеком» АҚ Ақмола облыстық дирекциясында жас мамандарға «Жастар кадрлық резерві» жобасын таныстырды. Жоба туралы «Нұр Отан» партиясы, Ақмола облыстық филиалы төрағасының орынбасары Бауыржан Ғайса алдыңғы жылдардағы қатысушылар туралы айтып, қазіргі таңдағы олардың жетістіктерін мысалға келтірді. Ұлттық компанияның жас мамандары жобаға үлкен қызығушылық танытып, кездесу барысында көптеген сұрақтар қойды.

Соның ішінде әсіресе, қызметкерлерді басқару бөлімінің жетекшісі Дәурен Нұров «ЖКР» жобасының ерекшеліктерімен мұқият таныс болып, жобаның мүмкіндіктері мен оқыту ерекшеліктеріне назар салды.

Компанияның жас мамандары Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында оқу модулін өтетіндігі қызықтырып, жобаға қатысуға ынта білдірді. Сонымен қатар, «Жас Отан» Жастар қанаты, Ақмола облыстық филиалының Атқарушы хатшы м.а. Үсен Сымбат жүзеге асырылып жатқан басқа да жобалар туралы айтып кетті.

Осы жылы жобаға қатысамын деуші 72 адам а.ж. 26 маусымына дейін rezerv.kz сайтына тіркеліп, сайт арқылы жобаның талаптарымен толығырақ танысуты. Тіркелу аяқталғаннан кейін конкурстық іріктеуден өтіп, жобаның келесі «Сұхбаттасу» кезеңіне 58 адам өткені белгілі болады. «Сұхбаттасу» кезеңі 2014 жылдың 3-4 шілдесінде «Нұр Отан» партиясының Ақмола облыстық филиалындағы мәжіліс залында өткен болатын.

Іс-шара барысында жалпылама сұрақтармен қатар, мақсатты сұрақтар қойылды. Комиссия мүшелері әрбір үміткерді тыңдап, жоба туралы жеке пікірлерін біле алды. М.Жұмабаев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының қызметкері Кемешова Гүлжанның айтуы бойынша, «Жастар кадрлық резерві» жобасы - жастардың өз әлеуетін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін алаң болып табылады.

Сұхбаттасу кезеңіне комиссия мүшелері ретінде «Жастар кадрлық резерві» жобасының жетекшісі — Ануар Жақыпов, «Нұр Отан» партиясы аймақтық филиалы Төрағасының орынбасары — Бауыржан Ғайса, Ақмола облысының «Жастар саясаты жөніндегі басқарма» басшысы — Шахмардан Байманов, «Жас Отан» ЖҚ Ақмола облыстық филиалы Атқарушы хатшысының м.а. — Сымбат Үсен, БАҚ өкілдері, Ақмола облыстық мәслихатының депутаты — Қайрат Сұлтанов , Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясы стипендиаттары қауымдастығының өкілі – Белла Газдиева, кәсіпкер  — Рустам Джангунаков қатысты.