Адамдардың бәрі мәз )

Адамдардың бәрі мәз )
жеке
блог

Көктем деп осыны айт!
Автобустың жалтыраған терезесінен қала көшелері тізіліп өтіп жатыр.

Сыртта кіршіксіз таза көктем! 

"Таза қала үшін!" деген жазуы бар машина кір-қожалақ боп әлдебір ғимараттың алдында тұр.

Тап-таза асфальттың бойында жүруге кешегі кір көктемнің көліктері ұялып, әрең қозғалады. 

Орта жастағы әйелдің үстіндегі қымбат шуба мәнін жойып, мына бір ерке көктемнің сиқын бұзып тұрғандай. "Қыс кетті ғой, терлейтін болдыңыз" деп айтқым келді.

Ұзақ жолда көктемнің нұрына балқып, кеңсеге жеттім.

Көктемді қайтадан көргім келіп отыр. Балконға шықтым. Шіркін-ай! Ерке, сұлу, көгілдір, сылқым көктемім!

Адамдардың бәрі сұлу болып кеткен бе?! Анау жерде өз-өзінен жымиып сары шашты әдемі қыз тұр. Төменде тұрған бірнеше адамның темекілері будақтайды. Біреу телефонмен дабырлап сөйлесіп жатыр. Жарқын ағаның дауысы сияқты. Үңіліп қарадым, сол екен. Алаштықтардан Жарқын ағаны жиі көреді екем. Мені көріп қалса, аппақ тістерін көрсетіп, ыржиып күледі. Сосын әлбетте, табан астында әйтеуір бір әзіл айтып, күлдіріп жібереді. Әлгінде бір шошытқаны бар. Ардақ біледі )

Көктемнің иісі аңқиды! Дала ғажап! Тауды қара!.. 

Тұра бергің келеді. Ішке кіріп кетсең, көктем өкпелеп кетіп қалатындай... 

 сурет: forbag.ru