Аударманың ауқымы қандай?

Аударманың ауқымы қандай?
жеке
блог

«Құжаттардың, істердің бәрі мемлекеттік тілде жүргізілсін»  деген мақсатты алға тартып, сәтті де, сәтсіз де аудармалар жасалды. Саны көп, сапасы мардымды дегенге келе бермейді. Қазақ қазақпен қазақша сөйлессе, бір-бірін жетік түсіне алмайтын күйдеміз. Түсінбеген сөздің орысша аудармасын сұрап алып, «еее, солай «қазақша» айтпайсың ба» деп күліп аламыз. Әзіл. Зілді әзіл.

«Жаппай қазақшалау» жолында көнерген сөздерді қайта жаңғыртуды ұсынар едім. Бөтен тілдің сөзіне балама іздегенше, төл сөзімізді, архаизмдерді (әрине қажеттілерін) қайта қолданысқа енгізсек. Аударманы халықтың құлағына сіңдіруге кететін уақытты қазақтың қанына сіңген сөздерді қолдануға жұмсасақ.

 

Сәтті аудармалар:

балкон – самалдық   («қылтима» емес);

фонтан – субұрқақ («шаптырма» емес);

современный – заманауи;

набор – жинақ («жиынтық» емес);

газет – үнқағаз;

 

Сәтсіз аудармалардың қатары тым ұзын сияқты. Ойыма түскендері:

виртуально –ауани;

скрепка –қағаз қыстырғыш;

Народный банкХалық(тың) банкі  ("Халықтық банк" дұрыс болар еді );

ярмарка -  жәрмеңке (аударма емес, өзге тілден кірігіп кеткен сөз);

начинка – салынды, салма;

фарш – тартылған ет;

 

Басқаны қойып, күнде қолданатын косметика саласы аударманы өте қажет етеді. Қазақша атауы да, баламасы да жоқ заттарды атап өтсек:

тень – қабаққа арналған бояу;

подводка – көзге арналған бояу;

румяна – еңлік («еңлік» - гүлдің аты);

макияж – макияж, бояну;

лак– тырнаққа арналған бояу;

пинцет – қас жұлуға арналған қысқыш, кішкентай қысқыш.

Осылай тізім бірінен соң бірі жалғасып кете береді. Жалғас, микрофон ұсынғаныңа рахмет! Ендігі толықтыруды Анараға ұсынайын.