Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Миядзакидің елестер әлеміне ретроспектива

Миядзакидің елестер әлеміне ретроспектива

Миядзакидің елестер әлеміне ретроспектива

Бейтаныс туындының құнын алғаш көргеннен-ақ анықтау қиын екендігін кім біліпті. Әйтеуір, талғамға талас жоқтың керімен жүрсе де, біреудің дегеніне мойын бұрып, ақыл тоқтатудан қалған емес. Тарихты ақтарсақ, ешкімнің сүрлеуін қайталамайтындай-ақ соны бағытқа жол тартқан, болмаса қалыпты шеңбердің көлемін кеңейтуге ғана атсалысып отырған, тіптен болмай, жүз жылдық қалыптасқан торға өзін бейсаналы түрде тықпалап отырған әркелкі шешімдерге куә.

Кинематографияда бұның санаға қонымды шекарасы әлі де айқындалмаған. Режиссердің жасаған әр қадамын жүз жылдық клишемен түсіндіріп беруге болады ма, болмаса өзі үшін де, өзінің саласы үшінде батыл шешім жасап отыр ма – анықтау қиын. Әсіресе, қазіргі кездегі кино тарихы мен географиясының кеңейіп, тақырыптарының күрделене бастауынан – ақтаңдақ тұстар азая түсті, онда бейімделу қиындап кетті.


Хаяо Миядзаки

Әлемдік анимация сол әркелкіліктің ортасында адасып, тақырып іздеуде тығырыққа тірелген тұста, біресе оң жақтағы – классикалық ертегілерге, біресе сол жақтағы – соны техникалық мүмкіндіктерге басын ұра даурығып жатқан-ды, ал сол уақытта жапон анимесі өзінің диснейлік-емес әлемін құрып үлгерген көрінеді.


Хаяо ақсақалдың бұл әлемді құрудағы қаламының қарқыны ешкімге ұқсамас пішінмен өрнектелген. Миядзакидің әрбір туындысы елестердің, жын-перілердің тілімен сөйлеп тұрғандай әсер қалдырады, қалдырып қана қоймайды – ол әсерден біраз уақытқа дейін арылтпайды, бойды билеп алады. Хаяо Миядзакидің әлемінде әркімнің ішкі қорқыныштары, бейтаныс қараңғылыққа аяқ басардағы санадағы жылт ететін бір сәттің сезімдері ешбір өзгеріске ұшырамай қағаз бетіне бедерленгендей-ақ. Ол әлемнің есігін айқара ашып кірген адам, өзінің дөрекілігінен шошып, тіпті орнынан ыршып тұрып, безіп кетуіне сәл-ақ қалуы бек мүмкін. Яки, онда ізіңді салар болсаң, артқа қайтар жол болмайтындай елестейді.

Қазақы табиғилық пен даланың сарынымен еркін сөйлесетін ерекше дүниетанымға қисық, бүк келмесе де, Хаяо ақсақалдың анимелерін батыстық көрермен тыныш истерикалық көңілмен қарап, мәңгіге сол танымның шеңберінде айналсоқтап жүргендей болады. Онысын «Елестер еліткен» фильмінің құрықтап аларлық қуатынан кейін 2001 жылы әркелкі престиждік сыйлықтарын таратып беру арқылы дәлелдеп-ақ берді. Шынында, бұл картинаны қарап отырып, адам қиялының шеңберін, шегін ойша бедерлеп отырасың. Әрбір қадамыңды жын мен перілердің талқысына жіберіп, өзінің ғана тірі қалу ережелері бар әлемді құрастырып шығу – есуастың ғана қолынан келетіндей көрінеді.


Хаяо Миядзаки сияқты өз ісінің шеберін өзіне лайықты бағадан артық бірдеңе айту мүмкін емес. Оның үстіне, қазір бүкіл әлем бұл таланттың алдында бөрігін басынан шешіп те үлгерді.

Желді алқаптан келген Навсикая (1984)

Желді алқабынан келген Навсикая

Биологиялық апаттан жалғыз ғана патшалық аман қалады – Желді алқап. Енді, оның халқының да тірі қалуына қауіп төне бастайды. Төніп келе жатқан зұлымдықты тоқтатып, патшалықты аман алып қалу Навсикая ханшайымның ғана қолынан келетін сияқты. Ол бұзылған экожүйенің кесірінен дүниеге келген әркелкі Орман жәндіктерімен ортақ тіл табыса алатын қасиетке ие еді.

  • Режиссер: Хаяо Миядзаки
  • Өндіруші: Ghibli студиясы, Жапония
  • Уақыты: 116 минут
  • Жанры: Анимация / Фэнтези / Шытырман


Лапута: Аспандағы сарай (1986)

Лапута: аспандағы сарай

Ұшатын Тас Сита есімді қыздың қолына кездейсоқ түсіп қалады. Сол кезде тасты табуға Үкіметтің үздік агенттері мен қатігез Пираттар кіріскен болатын. Пираттар мен агенттерден қашып жүріп, Сита өзінің құрдасы, шахтерлер қаласындағы Пазуды кездестіреді. Екеуі әртүрлі шытырман оқиғаларға тап болып жүріп, Ұшатын Тастың аспандағы сарай Лапутаға апаратын кілт екенін анықтайды.

  • Идея авторы, сценарист, режиссер: Хаяо Миядзаки
  • Өндіруші: Ghibli студиясы, Жапония
  • Уақыты: 124 минут
  • Жанры: Фэнтези / Шытырман


Менің көршім Тоторо (1988)

Менің көршім Тоторо

Барлық фильмдердің ішіндегі ең поэтикалық, балаға айтып берер ертегіге татитыны – осы. Оқиға кішкентай Сатсуки мен Мэйдің отбасымен, отбасы болғанда әкесімен, ауылға көшіп келуінен басталады. Балалардың ұшқыр қиялы қабылдайтынды үлкендер түсіне бермейтіні, көре алмайтыны бар ғой. Апалы-сіңлілілер сондай сәттердің бірінде Тоторомен танысады, Ол – орманның рухы, тролль. Осылайша үлкендердің назарынан тыс, тылсым әлемнің сыры кішкентай қыздардың алдына көлденеңінен жайылады. Орманның рухы қиялшыл қыздарды әуе саяхатына әкетеді, оларға өзінің Орман әлемін таныстырады, ауруханада жатқан анасына барып қайтады.

  • Сценарий авторы, режиссер: Хаяо Миядзаки
  • Өндіруші: Ghibli студиясы, Жапония
  • Уақыты: 86 минут
  • Жанры: Фэнтези / Романтикалық ертегі


Кикидің жеткізу қызметі (1989)

Кикидің жеткізу қызметі

Тағы да ертегі. Бұл жолы 13 жастағы жеке өмір сүруді шешкен жалмауыз қыз туралы. Бұл жалмауыздар әлемінің ежелгі дәстүрі бойынша, әрбір 13-ке енді толған қыз жалмауыздар тұрмайтын қалада бір жыл өмір сүруі керек. Сол себепті, кішкене Кики өзінің Дзидзи есімді мысығын ертіп, жағалаудағы Корико қаласына қоныс аударады. Ол қалада Кики өмір сүру үшін пошта қызметіне жұмысқа орналасады. Ол хаттарды өзінің сыпырғысымен тасуға кіріседі.

  • Режиссер: Хаяо Миядзаки
  • Өндіруші: Ghibli студиясы, Жапония
  • Уақыты: 112 минут
  • Жанры: Фэнтези / Романтикалық ертегі


Порко Россо (1992)

Порко Россо

Бірінші дүние соғысында ерлік көрсеткен итальяндық пилот Марко Паготта туралы қаһармандық хикая. Соғыстан кейін, адамдардан, өзінің жұмысынан, тіпті өзінен де көңілі қалған бұрынғы қаһарман ұшқыш Адриатика жағалауында жалдамалы құтқарушылыққа кіріседі. Тіпті, қызыл доңызға да айналып үлгереді. Оның гидроұшағын көрген аспан пираттары қорқыныштан бұтына жіберіп, басы ауа қаша бастайды екен. Бірақ, осының барлығы бәрібір оған жан тыныштығын, рахат сезімін еш сыйламайтын сияқты.

  • Сценарий авторы, режиссер: Хаяо Миядзаки
  • Өндіруші: Ghibli студиясы, Жапония
  • Уақыты: 91 минут
  • Жанры: Экшн / Тарихи комедия / Романтика


Мононокэ ханшайым (1997)

Мононокэ ханшайым

Ашитаки ханзада алып қабанды аяусыз өлтіріп, өлімге апаратын қарғысқа ұшырайды. Әркім өз тағыдырын өзгерте алады дейді кемпір балгер. Осы сөзге шын жүрегімен сеніп, Ашитаки ханзада алыс сапарға аттанады. Сапарлап жүріп, Эбоши ханым басқаратын патшалықтың шекарасына аяғын басады. Ол патшалықтың тұрғындары орманның жәндіктерімен аяусыз соғысып жатқан екен: жындар, рухтар, алып жәндіктер. Сондай-ақ, олардың арасында Мононокэ ханшайым да бар, қасқырдан туған аңдардың патшайымы. Бұдан былай, бәрінің тағдыры Ашитакидің шешіміне байланып тұрады.

  • Сценарий авторы, режиссер: Хаяо Миядзаки
  • Өндіруші: Ghibli студиясы, Жапония
  • Уақыты: 134 минут
  • Жанры: Фэнтези / Драма / Шытырман


Елестер еліткен (2001)

Елестер еліткен

Кішкентай Тихиро ата-анасымен жаңа үйге қоныс аударады. Нақтырағы – қоныс аудармақшы болады. Көлікте заттарымен көшіп келе жатып, жолдан адасып кетеді. Содан олар құпия үңгірдің алдына тап болады. Үңгірдің арғы бетінде оларды тылсым қала мен ұлан-асыр дастархан қарсы алып, күтіп отырады. Сол сәтте, дастархандағыны ашқарақтана жей бастаған Тихироның ата-анасы шошқаларға айналып кетеді. Олар ежелгі құдайлар мен құдіретті рухтардың әлеміне тап болып, оның патшайымы Юбабаның тұтқынына түседі. Елестер мен рухтардың құпия әлеміне тап болған кішкентай Тихиро өз ата-анасын қатігез кемпірдің зұлым ережесі бойынша өмір сүріп, құтаруға тырысуы керек.

  • Сценарий авторы, режиссер: Хаяо Миядзаки
  • Өндіруші: Ghibli студиясы, Жапония
  • Уақыты: 125 минут
  • Жанры: Фэнтези / Шытырман / Драма


Хаулдың жылжымалы сарайы (2004)

Хаулдың жылжымалы сарайы

Оқиға 18 жастағы Софиді кемпірге айналдырып жіберуінен басталады. Оны кемпірге айналдырған жалмауыз бұл қарғыстан шынайы махаббат қана құтқаратынын айтады. Өзіне көмектесуі мүмкін адамдарды іздестіріп жүріп, Софи сиқыршы Хаул және оның қызметкері Кальцифермен танысады. Кальцифер Хаулға қызмет етуге міндетті. Оларды құпия келісім байланыстырып тұрады, ал келісімнің шарттарын ешкім білмеуі керек. Осыдан кейін, Софи мен Кальцифер бір-біріне көмектесуді ұйғарады.

  • Сценарий авторы, режиссер: Хаяо Миядзаки
  • Өндіруші: Ghibli студиясы, Жапония
  • Уақыты: 119 минут
  • Жанры: Фэнтези / Мелодрама / Шытырман


Теңіз жартасындағы Понье (2008)

Теңіс жартасындағы Понье

Кішкентай және ел көруге құмар Понье жағалаудағы адамдардың өмірін бақылау үшін өз үйінен қашып кетеді. Шошақай понье ойнап жүріп, банкаға тап болады, ал толқын банкадағы Поньены жағалауға шығарып тастайды. Оны бес жастағы Сооске тауып ала қояды. Ол екеуі бір-біріне үйреніп кетеді. Енді, кішкентай балық Поньенің бір ғана арманы болады – адамға айналу.

  • Режиссер: Хаяо Миядзаки
  • Өндіруші: Ghibli студиясы
  • Уақыты: 101 минут
  • Жанры: Фэнтези / Романтикалық ертегі


Қорытынды

Туындыны туынды деп бағалардан алдын, оның көкжиегі мен шексіз мүмкіндіктерін санада сан мәрте айналдыруыңыз бек мүмкін. Бірақ, қайта-қайта айналған әрбір кадр, әрбір сюжеттік шешім бұл ойыңыздың беки түсуіне ғана қызмет етеді. Хаяо Миядзакидің фильмдерінің мысалында бұған тіпті еш күмән де қалмағандай. Әрине, кәсіби мамандардың дәстүрлі пікірінен, бағалауынан бұрын әркім өзінен бастап көрсе, өз талғамы деңгейінен қараса. Туындының бағасы сол кезде ғана шынайы келбетін ашатын еді.

Хаяо ақсақалдың ескі тақырыптарға жапондық таныммен қарап, жаңа экшндік сипат беруінің өзі, жапондық діни элементтердің жүруі, тіпті фольклордың сарқылмас күшін аяусыз пайдалануы да – бәрі, Хаяо туындыларының сарқылмас қазынасы.

Хаяо ақсақалдың құрметіне орнымыздан тұрып, ебедейсіз иіліп, бөрігімізді кетіріп, әр фильмнен ләззат алу ғана қалған сияқты. Кім білсін, Тоторо әрбіріміздің үйімізде тығылып, Кики әр қайсымыздың қаламызда хат тасып та жүрген шығар.

Жазбаның түпнұсқасы — жеке блогымда
Жазба — киностанда.

3781 36
Рейтинг: +1

Жазылған уақыты: 14 наурыз 2012, 23:56
Тегтер: Хаяо Миядзакидің шығармашылығы, жапондық анимация, аниме, фильмография
Пікірлер
+0
15 наурыз 2012, 00:32

Жапондардың фантазиясына таң қалудан жалықпаймын. Қайдан ғана темалар шыға береді? Бір анимэ 500 сериядан асуы мүмкін. Жай ғана нәрседен үлкен оқиға жасап жібереді. Жалпы жапондар өте-өте қызық халық.

+0
15 наурыз 2012, 08:53

иа, аниме-сериалдарға қызығуым осы Миядзакидің "Елестер еліткенінен" кейін басталды :)

+0
15 наурыз 2012, 19:05

Осы Елестерді қазақшаға аудару керек еді. Бірақ қиын болады. Атауының өзін аударуды айтсаңшы - Сэн то Тихиро но камикакуси. Сэн мен Тихихорының камикакусиі ^___^
Ками (құдай, рух) какуси (жасыру) - адамдардың із-түссіз жоғалып кетуі деген мағынада. Бір танысым мұның "жынұрлақ" деген нұсқасын ұсынды. Мүлде келмейді. Жын деп тек мононоке, бакемоно, тіпті онилепді ғана айтуға болады.

+0
15 наурыз 2012, 00:42

Тоторо мен Елестерді ерекше жақсы көрем. "Гибли" дегенде аузыңа "сапа" деген сөз қоса түседі. Миядзаки-сенсейдің шығармашылығына арналған жазбаңа мың да бір рахмет!

+0
15 наурыз 2012, 08:53

(м)ас болсын! :)

+0
15 наурыз 2012, 18:49

Гиблидің басқа анимелері туралы да жазсаңшы. Әсіресе Hotaru no haka-ға жеке тоқталып

+0
15 наурыз 2012, 09:12

әй, мына бала көркем әдебиет оқып жүр ме десем, мүлтьпілм көріп жүр екен ғой))

+0
15 наурыз 2012, 09:25

не суди по себе людей :)

+0
15 наурыз 2012, 09:27

ал сен екі қыздың ортасында отырып алып "суретке түсіріп жіберіңізші" деп лыпылдама! )

+0
15 наурыз 2012, 09:31

қыздардың көңілінен шығып, олар да сенің көңіліңнен шығып жатса, несіне лыпылдамасқа. көре алма, уақақа :)

+0
15 наурыз 2012, 09:32

уақақақақа, мен де күлейін. ол кезде менің қасымда да 2 қыз отырды. нишяво! отырдық қой, сабыр сақтап. Сенсияқты алып ұшпай :))))

+0
15 наурыз 2012, 09:33

қай кез туралы айтып жатсың?

+0
15 наурыз 2012, 09:35

о, гәнжубас, сенің лыпылдағаның сонша, "қағанатта" суретке кім түсіріп жатқанына дейін байқамапсың ғой и! шизо! :)))

+0
15 наурыз 2012, 09:37

тәк! тежегішіңді бас. енд, әрбір кездейсоқ фотографтың атын жаттап жүру қалған еді. иа-иа, сол мен едім демеш, уақақа. Тыныш отыр, ол кезде мен сұхбат беріп жатқам :)

+0
15 наурыз 2012, 09:42

әрбір кездейсоқ? уақақаққа. әрбір потограф? уақақақа. сен ваще боккетіпсің ғой ә? агенттен дружба жіберіп, "ойбай, он.кейзет!" деп мақтап, ақыры тіркеп, одан кейін дискурс жасап? сосын ұтыпып қапты да? білмей қапты да. атақты боп кеттім де сөйтіп? уақақа. ол кезде сұхбат беріп жатқаның мен қазіргі тыныш отыруымның нендей қатысы бар а? )))) үйбай, өлдім ғой күлкіден)))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))

+0
15 наурыз 2012, 10:02

кім, неден, қашан ұтылыпты?

+0
15 наурыз 2012, 10:06

ұмытып

+0
15 наурыз 2012, 09:41

орныңнан атып тұрып, "Жалғас" деп айқайлап кеп жіберсең, таныр едік қой :)))))

+0
15 наурыз 2012, 09:44

о, әкең! джынды! орнымнан атып тұрып "жалғас!" демесем де орнымнан атып тұрып, бар болғыр маңдайыңнан фотоаппараттың вспышкасымен қағып кеп жіберген жоқпын ба? отырсың ғой, не анауың жоқ, не мынауың жоқ. қықықы

+0
15 наурыз 2012, 10:02

мен сені танымадым, сәйкесінше ештеңе демедім. сен мені таныдың - сол кезде ештеңе демедің. енд неге әлдеқандай болып отырсың?

+0
15 наурыз 2012, 10:07

әлдеқандай емес, сол кезде мен түсірген едім деп отырмын әншейн...

+0
15 наурыз 2012, 10:08

ұрысып қоясың ғо е?

+0
15 наурыз 2012, 10:11

ұрсып отырған ешкім жоқ, беттен алып отырған сен ғана, уақақа

+0
15 наурыз 2012, 10:13

өстіп айтатыныңды білгенде бар ғой, фотоаппаратпен осып-осып жіберер ем ай! ))))))))

+0
15 наурыз 2012, 10:14

енд, тура бағытта келе жатырсың :)

+0
15 наурыз 2012, 10:21

)))) мен ғой енді

+0
15 наурыз 2012, 09:31

Жақында бір анимация көрдім. Ұнағаны соншалықты анимеген назар аудара бастадым

+0
15 наурыз 2012, 09:34

аты, жөні, тегі :)

+0
15 наурыз 2012, 10:33

Уақытты бағындырған қыз

+0
15 наурыз 2012, 09:49

мен бір екеуін көргем, кейбірінің мағынасы күшті да кейбірін түсіне алмй қалғам... Обшым жақсы мульттер

+0
15 наурыз 2012, 10:11

Тоторо мен Понье - осыларды қара :)

+0
15 наурыз 2012, 10:16

Жоғарыда аталғандардан Тоторо мен Елестерді көрдім. Елестер туралы ұнамады, әлде мен түсінбедім бе, әйтеуір. Ал Тотороны қайталап көре берер едім.

+0
15 наурыз 2012, 18:08

Тоторо да бірден түсіну оңай емес, қорқынышты аниме. Жан үзіп, елеске айналып кеткен екі қыз туралы екенін талай көрермен кейін ғана ұғады.

+0
16 наурыз 2012, 09:45

Елеске айналып кеткен?? Сонда ол екі қыз о дүниелік болып кеткен бе? Толығырақ түсіндіріп жіберсеңіз егер қиын болмаса.

+0
16 наурыз 2012, 22:04

Мұның бірнеше белгісі бар:
- Сацуки де, Меу де ағаш түбіндегі үңгіржол-інмен еңбектеп басқа әлемге барады. Тоннель - о дүниеге барар жолдың символы;
- Жол бойында отырған Мейдың қасында алты бұд тұр. Бұдтар 7-ден қойылады, ал мұнда жетіншісі қыз, яғни ол қайтыс болған деген сөз;
- Некобасудың (автобус-мысықтың) маңдайындағы аялдама атаулары ауысатын кезде Мейдың аты жазылғанға дейінгі аялдама - бейіт;
- Әжесі судан Мейдің шәркейін тауып алды, салыстырып көруіңізге болады. Бірақ Сацуки бұған сенгісі келмейді де, іздеуін жалғастырады;
- Мей (ағылшынша Мамыр) мен Сацукидің (жапоша бесінші айдың атауы) аттарының мағынасы бір болғандықтан, тағдырлары ұқсас дегендігі, яғни Сацуки де жан үзді;
- Анименің соңғы оншақты минутында қыздардың көлеңкелері жоқ;
- Соңғы эпизодтардың бір де бірінде адамдар қыздарды көрмейді;
- Анименің атауы "Менің көршім - Тоторо". Неге жәй "Тоторо" демеген? Үйткені жапондықтар Ажал әрқашан қасыңда жүреді дейді.
Басқалары да бар дейді, бірақ оларын білмейді екем.
Сыртқа, яғни Батысқа лайықталып немесе балаларға арналып жасалған анимелерде астарлы образдар мен жапондықтардың өздері ғана ұға алатын ымдар кездеспейді. Сюжетін жеңілдетіп, адаптацияландырады. Гибли студиясы ондайдаға ешқашан барып көрмеген.

+0
28 тамыз 2013, 02:28

Аниме-керемет зат қой! Өзім көп көремін анимені.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев