Сейсенбілік хадис

Сейсенбілік хадис
жеке
блог

Әбу Бәкр (р.а.): «Бірде Аллаһ елшісі (с.ғ.с.): Сендерге ең үлкен күнәлардың не екенін айтайын ба? – дегенде: Уа, Аллаһтың елшісі! Әрине, айтыңыз – дедік. Сонда ол: Аллаһқа серік қосу және ата-ананы құрметтемеу – деді де, бір жамбасына қарай жартылай сүйеніп жатқан жерінен жиналып отырып: Сондай-ақ, жалған сөз айту мен жалған куәлік ету – деп, бір айтқанын бірнеше мәрте қайталағаны соншалық, (бұдан әрі көңілі түсіп, мұңаймаса екен деген оймен): Шіркін, тынышталса екен – дестік» – деп айтты.