Сасық сана немесе ауызынан сүті кеппеген шылымқормен диалог

Сасық сана немесе ауызынан сүті кеппеген шылымқормен диалог
жеке
блог

Кеше бір братжанның көлігімен бір жерге бардым. Әңгіме барғанымда емес, бара жатқанымда.

Сөйтіп, жолда кетіп бара жатырмын. Алматы. Кептеліс. Күн ыстық. Қарасам бір сүп-сүйкімді қыз такси тоқтатып тұр екен. Жолай болса ала кетейін, керемет қылып полный бак болмаса да бір-екі тамшы бензинге ақша жасап алайын деген оймен тоқтадым. «Ана жерге, мынанша беремін», «отыр». Мінерінде байқағаным, көзі әңгел-шәңгел. Шылаған-ау. Ал кетіп барамыз. Ағамның машинада қалып кеткен бір қорап темекісін көріп қойып темекі сұрады.

- Темекіңізден болады ма?

- Ауызыңдағы сүтің кеуіп па еді? *күліп*

- Он сегізге толғанмын

- Қашан толдың?

- Бір ай бұрын

- Еее, жарайды. Бойжетіп қалыпсың, шек темекіні.

- Тиісе бермей отырыңызшы. Сізбен ұрысатын нервым қалмады уже.

- Құдай-ау сонша нервыңның бәрін құрытып тастайтындай не болып қалды?

- Жігітім тастап кетті (жылаған себебі де сол-ау деймін, қасымда отырған қыз «СвежеТастапКетілген» болды ғой)

ААААЙ осы жерден машинаны қиииииқ етіп тоқтатып «Құрышы, түсіп қалшы» деееп айтқым келіп қалды. Бірақ алып бара жатқан жеріме жетіп те қалған екенбіз. Жеткізуін жеткізіп ақшасын алмай қалай көліктен қуып жіберемін? *күлдім*

Қуып кеткен быт-шыт диалогті не үшін жазып отыр деген шығарсыз? (диалог сәл-пәл басқаша болған негізі, қиып-сызып жаздым қысқасы, керегі қалды) Былай ғой, қазіргі жастар десем шалдың сөзі болып кетеді ма? Біздің қатардан кейінгілер дейінші. Біздің қатардан кейінгілер жастайынан жігіт тастады деп нервысы тауысылып, қуып кетсе, кейін балалы-шағалы болғанда не болады? Асылып қалады ма? Защем нада маған, саған, бізге ондай қоғам? Алдында сегізінші оқитын қаздың телефонмен әңгімесін естіп қалдым. Әңгімесі анау анаумен жүріп жатыр екен, анау бидепті, мынау бидепті, ананың жігіті мынаның қызы дейді... Құдай-ау біздің қатардың қыздары сегізіншіде «резинка» ойнап, куклаға киім тігетін. Не дейміз, не істейміз... Аман болсыншы, болашақ солардыкі ғой....