Ақан Сатаев «Құрбылар» телехикаясын түсіріп жатыр

Ақан Сатаев «Құрбылар» телехикаясын түсіріп жатыр
жеке
блог

Шытырман оқиғалы «Рэкетир» фильмінің жалғасын күтіп жүрген көрермен енді «Сатайфильм» компаниясының «орта жастағы» 5 әйелдің өмірін баяндайтын телехикаясын тамашалай алады.

Бұл фильмді жасаушылардың мәліметі бойынша, телехикая өте жоғары деңгейде түсіріліп, көрермендердің көңілінен шығатын болады. Сондай-ақ бұл жобаға еліміздің танымал актерлері қатысады. «Құрбылар» телехикаясының басты кейіпкері Замираны – Айнұр Тұрғанбаева сомдайды. Жалпы, бұл телехикаяға 180 кәсіпқой актер қатысады.

Кинотүсірілімнің басты локациясына арнайы павильон құрастырылған. Бұл телехикаяны отандық арнадан келесі айдан бастап тамашалауға болады.

Фильмнің сценарийін Тимур Жақсылықов жазып шықты. Қазірге дейін оның 55 сериясы түсірілген. Сатаевтың айтуынша, бұл елехикая ең сәтті жоба болады.

 

http://1tv.kz/kk/news/culture/14032012/sataev