Қолда барым - бақытым.
жеке
блог

Қолда барым - бақытым.

Күнде-күнде асығыс. Қайда асығып бара жатқаным белгісіз. Біресе жұмысқа, жұмыстан соң дүкенге, дүкеннен үйге, үйде тезірек үйге алған жұмысты аяқтауға, оны аяқтап тезірек ұйықтап қалуға... сосын тағы да жұмысқа. Асығып, үсігіп, сүрініп, құлап, қайта тұрып, тағы жүгіріп. Қызық... 

Осындай кезде не дым байқамаймын, не барлық майда шүйде көзге түседі. Сондай бір асығыс күндері көшені өтуге де асығып келе жатқанымды білгендей, барлық бағдаршамдар жасыл жарығын жаға қояды. Енді таяп келем көше қиылысына "Міне, Айжан, жүре ғой" дейтін секілді. Солай бірнеше көшелер бойы. Жақсы көңіл-күйде жүрем сосын.

Әрине, шамдардың белгілі бір уақытта жанып-өшетіні белгілі, бірақ дәл сол сәтке тап болғаным менен жол сұраған адамға кідіргенімнен шығар, әлде жұмыс аяқталса да тағы бір қоңырау жауап бергенім шығар? Кеш қалудың да пайдасы бар шығар? Біреудің сені кідіргені саған тиімді шығар?

Қазір қай жерде болсаң, сол сенің орның. Қазір қасыңда кім болса, сол сенің адамың. Қазір қандай жетістікке жеткен болсаң, сол сенің пайдаң үшін. Іштей қайталайтын дүнием. 

Шүкіршілік - бақыттың кілті.

Аллаға шүкір!