Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / K-pop: feat. Батыс

K-pop: feat. Батыс

K-pop: feat. Батыс

Бізде корей музыкасын мойындамай жүргендер көп, бірақ солар мойындайтын батыс әншілері корейдің заманауи музыкасын баяғыда-ақ мойындап қойған. Жаңылтпаш болып кеткен сияқты, қққ)

Wonder Girls атты топ бар қыздардан құралған, қазір топтың жұмысы тоқтап тұр. Шынымен, «уандер» десе,  дауыстары уандер ғой)) Қыздар осыдан екі жыл бұрын, яғни 2012-нің жазында Akon-мен бірге ән жазған. "Like Money" атты. Айтпақшы, МелоМен айтып жүрген «Неге жылайды ару?» әнінің түпнұсқасы осыларға тиесілі.

 

"Like Money"

2NE1 атты топтың қыздары әлемге жақсы танымал. Олардың агенттіктеріндегі BigBang тобы олардан да атақты)  Бұл қыздар Black Eyed Peas тобының рэпері Will.I.Am-мен бірге бір емес екі ән жазған.

"Gettin Dumb"

"Take the World"

Жақында Майкрософттың Surface Pro 3 планшетін MacBook Air-мен салыстырып жасаған жарнамасында осы топтың әні фонда тұр. “I’m the best” деген ән.

BigBang тобын білмейтіндер кемде-кем шығар. Әндері  Американың музыкалық шерулерінде бірнеше рет жоғарғы орындарға ие болған. Осы топтың лидері G-Dragon рэбімен де, бір көргенде біртүрлі көрінетін сәнімен де ерекшеленеді. Кейінгі жас буындар Джидиге еліктейтінін өздері де айтады. Ол шоу-бизнесте 8 жасынан бері келе жатыр. Тәжірибесінің молдығы, ағылшын тілін жетік білуі оған бірнеше шетелдік әншілермен ән жазуына, концерттерінің құрметті қонағы болуына көмегін тигізді. Мысалы, Bangarang әнімен атағы шыққан Skrillex-тің жаңа альбомына енген әндердің арасында G-Dragon-мен, 2NE1 тобының лидері CL-мен бірігіп жазған Dirty Vibe әні де бар. Оларға Diplo да келіп қосылған.

 

"Dirty Vibe"    (Мен тыңдайтын ән емес Money mouth

Интернеттің вирусына айналған Harlem Shake-ті жазған Baauer-ге де Джи Енмен қосылып ән жазу бақыты бұйырған екен, хихих)) Бұған да Diplo қатысқан.

"Coup D'etat"

Мисси Элиотт деген америкалық әнші-рэпер бар екен. Осыған дейін Грэммидің 5 жүлдесін алыпты. Бірақ мен ол туралы Джидимен бірге ән айтқанда ғана білдім)

"Niliria"

Гаңнам стайлмен бүкіл әлемді шулатқан Сай Snoop Dogg-пен тағы бір шулы бейнебаян түсірген болатын. Негізінде Снуп Дог Сайға қолдау ретінде жазған әндері  ғой, бірақ клипте Сай Снуп Догтың клипіне қолдау білдіріп жүрген сияқты. Өз басыма бұл еңбектері дым ұнамады.

 

"Hangover"

Бұдан бөлек к-поп топтар біраз батыс әншілерінің концерттерінде өнер көрсеткен. Пэрис Хилтон бір сөзінде Girls Generation тобымен бірге ән шырқағысы келетінін айтқан екен. Менің тапқаным осы, тағы басқаларын ұмытып кетсем, ескертерсіздер~

Менің блогымның еш саяси астары жоқ және мен корейлерді насихаттап жүрген жоқпын. Тек менің осы тақырыптағы блогтарымды оқитындар бар болған соң жазамын.  

(Менің блогтарымды минустап тастайтын кісілер бар. Бірақ екі апта бойы іздеген мәліметтерім еш кетпесе екен деймін...)

11
Рейтинг: +7

Автор: Yerke Smaghul
Жазылған уақыты: 15 тамыз 2014, 14:52
Тегтер: Bigbang, 2NE1, Wonder Girls, Skrillex, PSY, Snoop Dogg, CL, k-pop

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.