жеке
блог

Жалғыз жүре алмайтын жан(приквел)...

(басы)

Менің өміріме қалай келдің? Сенімен қалай таныстым? Сол сәттерді біреу санамнан өшіріп тастағандай. Мен бұрыннан танитын бір қыздардың досы едің. Сен де, мен де үндемейтін адамдармыз ғой, сөйтіп жүріп қалай танысып, сөйлесіп кеттік?

Мен негізі көпке дейін білмей келдім. Ұнататыныңды. Оны да біреу айтпаса, бүгінге дейін білмей жүре берер ме едім?! Мылқау, соқыр адамдай дым түсіне алмайтыңдығыма біраз күйген шығарсың. Иә, мен сондаймын. Сезімдердің табиғатын, физикалық-химиялық қасиеттерін түсіне бермейтін. Көздеріміз кездескенде, ұялып төмен қарап қалатыныңды. Сенен маған қарай айтылған сын сөздеріңді жақтырмай отыр ма деп қалатынмын, бірақ оның өзіңе көңіл аудартуың екен. "Мен мұндамын, ашылып тұрған кітаппын ғой, сырымды неге түсінбейсің?" деп те талай мұңайған шығарсың. Кейде ұзақ қарап қалатыңсың. Көзің бәрін айтып тұратын. Сөзің де. Бұл құпияның кілті ашылғаннан кейін ғана түсіндім оның бәрін. Менің есебімше сенің үнсіз махаббатыңа осымен бесінші жыл. Бесінші күз. Қателеспесем.

Даладан өзіңнің адамыңды іздеп, басыңды анаған бір, мынаған бір соғып жүргенде, сені де бір адам қасыңда үндемей, жақсы көріп жүреді екен.

Әлі есімде сен құлап қалып аяғың сындырып алғанда, сенің жағдайыңды біліп қайту үшін жаңбырдың астында көп жүріп, су-су болып саған келгенім. "Сынықтың көңілін сұрамайды", - деп күлгенсің... Сыйлағанымнан. Сенің маған деген махаббатыңды сыйлағаннан келгем. Мені сүйген жандардың бақытты болғанын қалаймын, бірақ менсіз: өйткені мен оларды бақытты қыла алмаймын.

(басы

Жалғыз жүре алмаймын дейтінсің. Мен де біреуге жалғыз жүре алмайтындығым туралы айттым...


Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



ЕҢ ҚЫЗЫҚТЫ БЛОГТАР

«Тәртіпке бағынған ел құл болмайды».
Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Абайдың ғылым-білім туралы ойларының маңызы
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Шетелдегі қазақ полицей "Әлем батыры" атанды
«Тар заман» туындысында кездесетін афоризмдер

Жұлдызды блогтар

Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі