1 компьютер=2 компьютер

1 компьютер=2 компьютер
жеке
блог

Бір компьютерден екеу не одан көп компьютер жасауға болады ма?

Ассаламуағалейкум достар! Кеше ағам екуіміз бір компьютерді бөлісе алмай қалып, ақыры бір компьютерден екеу жасап едк. Соны қалай жасайтыны жайлы сіздермен бөліскім келіп отыр.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек Қазақстанда әр бір бесінші адамда компьютер бар. Бірақ бір компьютерді кейде бір жанұя қолданатынын статистикалық агенттіктер есептеді ма екен? Кейде үйдегі компьютерді қолдануға кезек жиналып қалады, бір компьютерді екі не үш адам қолдана алмайды ғой? Сіз де солай ойлайтын болсаңыз, кешірім өтінемін, сіз қателесесіз. Бір компьютерден екі, үш, төрт, алты, тіпті сегіз компьютер жасауға болады. Қалай дейсізғой? 
Компьютерлік сауаттылық: Бір компьютерден екеу не одан көп компьютер жасауға болады ма?
Бір компьютерді бірнешеге бөлу үшін үш нәрсе керек:
1. Қосалқы комплект: тышқан (мышка), пернетақта, монитор және қалауыңызға байланысты колонкалар
2. Компьютерді бөлетін арнайы бағдарлама
3. Компьютерді бөлу үшін компьютердің күші жететіндей болуы керек

Тарқатып жазсам:

Қосалқы комплект


Тышқан және пернелі тақта
Әдетте компьютердің тышқанының/пернелі тақтасының/ сұғатын бөлімі екі түрлі болады USB және PS/2. Егер сізде тышқаныңыздың/пернелі тақтаңыздың/ сұғатын орыны PS/2 болса екіншісі USB, немесе екеуі де USB болуы керек.
Ал егер сізде екі бірдей PS/2 тышқан/пернелі тақта/ болса, онда арнайы USB-PS/2 (бағасы тым арзан) адаптер сатып алғаныңыз жөн. Бір компьютерге екі PS/2 салынбайды.
Ноутбкутің жағдайында бірінші қолданушы тоучпадты/ноутбуктің пернетақтасын/, екінші қолданушы USB тышқан /пернетақта/ қолдана алады.
Компьютерлік сауаттылық: Бір компьютерден екеу не одан көп компьютер жасауға болады ма?
Компьютерлік сауаттылық: Бір компьютерден екеу не одан көп компьютер жасауға болады ма?
Монитор

Видеокарталардың көбінде мониторды сұғатын екі орын болады VGA және DVI. Және мониторлардың көбінде VGA кабельі қолданылып, DVI бос қалады. Бұндай жағдайда былай істеуге болады: DVI коннектордің орынына DVI-VGA адаптерін (бағасы тым арзан) салып екінші мониторды жалғау немесе DVI коннекторлі монитор сатып алу (Дәу монитордың коннекторы DVI-ға келеді).
Компьютерлік сауаттылық: Бір компьютерден екеу не одан көп компьютер жасауға болады ма?
Компьютерлік сауаттылық: Бір компьютерден екеу не одан көп компьютер жасауға болады ма?
Ноутбкупен сәл қиындау, оға тек VGA ғана келеді, ал бірінші монитор ол дисплейдің өзі. Егер VGA салатын орын болмаса тағы бір коннектор алу керек болады USB видеокарта деп базардан іздеп көріңіз.

Дыбыс картасы

Егер біріңіз музыка тыңдап, екіншіңіз видео көрмек болсаңыз, онда екінші дыбыс картасын орнату қажет. Ноутбуктің жағдайында олай да істей алмайсыздар.
Компьютерлік сауаттылық: Бір компьютерден екеу не одан көп компьютер жасауға болады ма?

Арнайы бағдарлама


Негізі бір компьютерді бірнешеге бөлуге арналған бағдарламалар көп, бірақ арасындағы ең қол жетімдісі АСТЕР. Бағдарлманы мына жерден жүктей аласыздар

Компьютердің күші

Егер компьютерді екі адам екі жақтан жазу жазып, жай интернетке кіруге арнап бөлсеңіздер, компьютердің соншалықты күшті болуының қажеті жоқ. Ал егер 3Д бағдарламалармен жұмыс істегіңіз немесе ойын ойнағыңыз келсе компьютеріңіз екі ядролы, оперативті жады екі гигабайттан жоғары болуы керек.

Бастысы екінші «учетная запись» жасауды ұмытпаңыз. Екінші бірінші компьютеріңіз құтты болсын)))