Еуропаға сапарым

Еуропаға сапарым
жеке
блог

Мені танитын-танымайтындарға үлкееен сәлем!

 

Жаздың басында өндірістік тәжірибеге университетімізден Польшаның Познань қаласына барғанбыз. Еуропаға келгесін, басқа мемлекеттерін де көру нәсіп етіліпті:) Осы сапарда түсірген өз суреттеріммен сіздермен бөлісемін. Не ұнап, не ұнамағанын жазуды да жөн көрдім. Ал, кеттік:)

Амстердам-Познань

Алматы-Амстердам-Варшава бағытымен ұштық. Амстердамның аспаны:)

д

Қателеспесем, бұл да - Амстердам. Қалаға шықпасақ та, әуежайдың ішінің өзі өте таза, ұқыпты, әдемі. Еуропада адамдар өтірік-шынын қайдам, үнемі күлімсіреп жүреді көбісі.

Варшавадан Познаньға электричкамен келдік. Тегін wifi, әр орындықтың астында розетка. Бұл, меніңше, өте ыңғайлы)

бб

Бұл Познаньдағы біз тәжірибеден өтуге келген поляк халқының ұлы ақыны Адам Мицкевич атындағы университеттің бас корпусы. Біз басқа корпусында оқыдық.

Жалпы, Познань Польшаның үлкен қалаларының бірі. Варшаваға қарағанда Познань ұнағанын жасырмаймын. Бірақ, келген күні әбден қиналып кеттік(м). Мен осы сапарға шығарға 5 күн қалғанда үйде жүріп аяғымның саусағын сындырып алдым:) Енді Познаньдағы жағдайымды елестетіңіздер: аяғымда - аяқ сынғанда киетін лангет, бір қолымда - балдақ, екінші қолымда жүгім және арқама асқан рюкзагым бар))))

Бізді күтіп алуға қаланы өздері әлі толық білмейтін украиналық Ольга мен Леонид деген студентерін жіберіпті. Бізді автобус күтіп тұр деееп келе жатсақ, екі студент қоғамдық көлікпен алып жүрді. (Осы орайда, содан аз ғана күн бұрын Қазақстанға келген Польшалық делегатты жеңіл көлікпен алып жүргенін айта кетейін))

жж

Әр студенттің қолында өз жүгі, маған көмектесуге ешкімнің шамасы жоқ. Трамвайға мінгенде қатты қиналдым, есігі ашылып, менің аяғымның жағдайын отырған жігіттер көріп отырса да, жанымдағы құрбымның "чемоданын көтерісіп, кіргізіп жіберіңізші" деген өтінішін естіп тұрса да, бақырайып қарап отырғанын көргенде жағамды ұстадым. "Еуропа мәдениеті" деп тамсанатын адамдарды ішімнен бір сөгіп алдым, осындай қылықтарын көрсе ғой деп. Бір мезеттік ой ғой. Дегенмен, көмектесетін ер адамдар да баршылық. Оларды артынан көрдік)

рр ввв

Бірақ, Познань 600 000-дай ғана тұрғыны бар қала болса да, өте дамыған қалалардың бірі. Қоғамдық көліктері өте таза. Мынадай кестемен жүреді және сол уақыттан бір минут та кешікпейді! Трамвай түгілі, автобус өз уақытында келгенде таңғалдық))

кесте

Қаланың шет жағындағы жатақханада болғандықтан, айналамызда жер үйлер болды. Өте әдемі, жинақы етіп салынған үйлері.

ллл

Барғаннан кейінгі үшінші күні аяғымдағы лангетті шештім. Жаңбыр жауып, күн суытып кеткесін шешуге тура келді, өзім де шаршап кеттім елдің соңында қалып:)

Қаладағы әкімшілінің қарауындағы талдар (ағаштар) тіп-тік болып өседі))) Себебі, оларды осылай өсіреді:

ллло

Ұнамағаны: әр екінші адам тееесіліп қарап, әр үшінші адам "Нихао!" "Конишуа!" дейді бізге-___- Әрине, жаман ниетпен "Сәлем!" деп тұрмағандары анық. Бірақ, аздап болса да, азиялық болғанымыз үшін төмендеткендері байқалып тұрды. "Қытай, жапон емес, Қазақпыз!" деп айтқаныңмен, қазақ деген халықты 99%-ы білмейді:(

Алғаш келген күні аялдамада тұрған жігіттердің біреуі бізге қолымен бір белгі көрсетіп, қатты күлді. Біз "Бұл нені білдіреді?" деп жатақханада тұратын бір ағадан сұрадық, ол сол жігіт үшін қатты кешірім сұрап, бұл белгіні қоғамдық орындарда көрсету өте ұят екенін айтты. Бұл туралы бізді алып жүрген украиналық студент Леонидке айтсақ, "Әр елде, әр ұлтта осындай "быдлолар"(дәл аудармасын білмеймін) болады ғой, назар аудармаңдар, барлығы ондай емес" деді.

Тағы бір күні екі группаласыммен келе жатыр едім. Біздің жатақхана жаққа қарай бара жатқан ер адам көп қарай берді. Сосын артымыздан келе жатып: "А ю фром Схина?" деді (иә, Чайнаны Схина деп тұрғанын ұқтық қой)). Қазақ екенімізді айттық, ол: "Онда қазақтар өте әдемі халық екен!" деді)

ттт

Біз ол жақта ағылшынша сөйледік. Олар орысша түсінбейді. Жалпы, халқының ағылшынша сауаты біздің халықтан сәл жақсырақ. Әйтеуір, жолыңды көрсетіп жіберетін адам табылады.

ддд

ир

Познаньда қазақ кездестірмедік. Біз барған университетте жалғыз қазақ қызын көрдік. Үстіне қызыл камзол киіп тұрған Қарағандылық Гүлназды:)

ооо

Бір қызығы, жеңіл көліктерден халық джип мінбейді. Иә, бірде-біреуін кездестірмедік. Мини куперлар көп. Оның себебі де белгілі: бензин біздікінен екі есе қымбат!

лджрл

апрва прле

Біріншісі, Польша валютасы 5,19 злотый = 301 теңге. Екіншісі Берлинде 1,503 еуро = 365 тг.

апра

Бұл қалада массондық белгілер өте көп! Олардың суреттері көп еді, байқамай өшіріп алыппын.

ппро

роллар

Бұл - мен. Жергілікті "TVP" телеарнасында.)

Ал, Познань туралы жазбам осымен тәмам!:) Келесіде Берлин мен Париж сапарлары туралы жазамын.