ШӘЙ ІШУГЕ ҰЯЛАТЫН БОЛДЫМ

ШӘЙ ІШУГЕ ҰЯЛАТЫН БОЛДЫМ
жеке
блог

Түскі астың кезі болатын.Нағашы ағамның үйінде тамақтанып отырмыз. Дастарқан басында үлкені де, кішісі де отыр. Ыстық Маңғыстауда ыстық шайға қанбай отырған мен, туыстарымның тілімен айтқанда "ЧАЙКОМАНКА", кесені қайта қайта жеңешеме қарай тарттырып отырмын. Теледидар қосылып тұр. Кезек жарнамада. Тал түсте әйелдерге арналған төсемелердің жарнамасын көрсетпесі бар ма?! Ішіп отырған шайымның берекеті кеткені-ай..

Жоқ, жай қорабымен көрсетсе түсінемін. Бұлар бәрін көрсетеді! Одан қалса, әлгі ... белсенділікті арттыратын препараттар бар. Кәрісі мен жасы қатар көретін теледидарға жарқыратып шығармай-ақ, дәріханалар мен дүкендерде ілулі тұрса да, жұрт оны көрмейді емес, көреді. Қажет нәрсе болғандықтан сатып та алады ғой...

Теледидар арқылы көрсетілетін жарнамадағы тауардың өтімділігінің белсенді болатынын білеміз. Сонда, тиімділігі жоғары екен деп, бір күндері көруге көз ұялатын тауарларды да жарнамалаймыз ба екен?! Қызық...