Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Қоя берші, студентке не айтасың...

Қоя берші, студентке не айтасың...

Қоя берші, студентке не айтасың...

Менің бір түсінбейтінім: СТУДЕНТ деген лауазымнан айрылған соң бәрін де түсінгендей боп, ділмарсып, жөн-жосығыңды салмақтайды екенсің... Содан қорытқан бір ой ғой. Айтқымыз келгені көп еді. Оннан бірі ғана шығар... Ал кеттік...

 

Біз жасырмаймыз, сіз жазғырмаңыз... Өтірік десеңіз өз сөзіңіз өзіңізде...

Тақырып: «Шәкіртақыны ұлдар қалай жұмсайды?» (Сұранып тұрған тақырып: Қыздар чЫ?)

 

Сонымен, қыздар төрт апта бойы шәкіртақы деген нәстені күтіп-күтіп, жалығып, әбден мезі болса «ломбард» деген подружкасына бара салады. Оңай-ақ! Біз құрғырда ол да жоқ! Ақшаңі жоқ па, аштан қат! Маған не дейсің! Қыздарға оралайық... ломбард жайлы... Оған ешкім де күштемейді. Өзі... (Өзімнен де бар еді... дегендей ғой) Егер төзімі тас бұғаудай филфактың бір қыздары сияқты болса бейне бір әжелерге ұқсап тиінін түйінге тырнақтап тұрып жыйнайды ғой! Көріп пе едіңіз! Көргемі-і-із!

(Тақырыпқа байланысты оқиға: Бірде жатақта түнгі жорықта жүргенбіз. Қайбір қыз іздеп дейсің! Тамақ! Сөйтіп, бар жыйған ұятымыз бен намысымызды шылп еткізбей қалтаға тыға-мыға қыздардың бөлмесіне бас сұқтық. Бауыздалғалы тұрған тоқтыдай боп орындарынан қозғала алмай абдырасып қалып жатады. J  Әлгінде есікті ашқан қыз енді бар міндетті мойнына алады. Әйтпесе... иә, әйтпесе! Жаңа ғана шәйын ішіп болған, ол десеңіз тамақтың кешкі астан қалған үштен бір бөлігін «таңға!» деп қойған ас-пұлдарын шығарып әлектенеді. Олай болмаса ұят болады! Балалар сосын білмей ме кімнің кім екенін! «ә! Анау бөлме былай еді, мынау бөлме былай еді» дегендей... Шын мәнісінде осылай қыздар ғана ойлайды. Ал асқазанын лықа толтырған жігіттерге ол бөлмені енді бір аптадай уақытқа амалсыз ұмытуларына тура келеді. Өзгелерге мақтап баруды да ұмытар, бәлкім... J  Сонымен, Бірде сөйтіп кіріп барсақ, есіктің арғы бетінде у-шу, кунг-фу дегеннің көкесі болып жатқанға ұқсайды. Диалог былай:

-         Тәк, қыздар! Қазір лампочка сатып алу керек! 35 теңге! Екеуің 10-10 теңгеден беріңдер. Қалған бес теңгесін мен-ақ шығарайын. (Жомарттығын қарай гөр дедік сырттаJ Сосын... сосын тағы басқандай кәкір-шүкір...)

Анау бөлмеге тамақ іздеп қалай кіресің енді? Аңтарылдық та қалдық.)

 

Сонымен... шәкіртақы түскенде жақсылық емес, басыңа бәле келгендей болып, әрлі-берлі қарап, абдырап қаласың ғой. «Қайда жаратамың» маңызды мәселелердің топайкөгі! СЕНБІ немесе ЖЕКСЕНБІ! Міне керек десеңіз! Бұл күн армандаған, БІР АЙ БОЙЫ САРЫЛА КҮТКЕН ұлан-асыр той! Бұл күні махаббат-сахаббатыңыз маңызды емес! Қыздар сені танымайды да! Ойланып, отырып, «осылар маған бірде шай-тамақ» беріп еді, пайдам тисін» деп, көмектесейін, заттарын көтерейін дейсің ғой. Жо-жоқ, ирония ғой, оған да бой бермейді бұ қыздар! Күлесің де қоясың 

Қыздар жағы құдай берген, аман болғыр барахолка деген жер бар. Барахло ма десек, жоқ! Қайдағыыыы... ең керекті, ең әдемі, ең өтімді, ең...ең...сондай «еңдерді» жинап алған базар бұл. Себебі арзан... олай болмаса да бет қызартпай-ақ саудаласасың! Как будтооо, заңды түрде құқығыңды талап етіп тұрғандай болып кергисің ғо еще! Эхехей, қайран, балғын күндер-ай дешиш! Сөйтіп, қыздар продукты-мродукты алып, сөмкелерін киімге толтырып, түйінін босатып, соноооу өрістен қайтқан танадай боп миығына тіреліп келе жатады ғой. Қыздар бүйтеді-сөйтеді... киім-кешек, одан қалды... басқа опа-далап, қоқыр-сауыт алыпты... Бұл ақпар бізге жеткен соң біз де қарап отырамыз ба? Шіреніп, пысық түр жасап алып, ал кеп барахолкаға аттанасың ғой. Киім дегенге о бастан қызықпайсың. Ты чеееее? Біз деген... біз деген... жігіттерміз ғой! Қайдағы киім?! Сөйтеміз де ірілікке көшеміз. Ірілігіміз сол: партмоне... кітап... гирь... гантель... Болды! Одан басқа түк те алмайсың! Себебі ақша жоқ! Анау ауыр кір тастарынан кейін ештемеге батпай қалады екенсің... Сөйтіп, аласұрып, аһ ұрып, көк тиінсіз автобыспен қайтып келесің ғой. Қызығы қызық. Не деген сауатсыздық деп те ойлаймын кейде...  

Жетпейді емес, жетеді, әрине. Бірақ осыны үнемдеп ұстап, керегіне ғана жарату деген бір болсайшы... Қарның ашады (тура мағынасында да астарлы мағынасында да!) Солай! Студенттерге айтарымыз осы еді...

     

2221 13
Рейтинг: +2

Жазылған уақыты: 27 желтоқсан 2011, 09:39
Тегтер: Бұқақақа демеңдерші!
Пікірлер
+0
27 желтоқсан 2011, 10:12

Үш жыл жатақта тұрдым. Шәкіртақыға дейін ілініп-салынып жететінбіз )) Сондай бір дәстүр қалыптасқан ба деймін. Шәкіртақы түсуіне екі күн қалғанда бүкіл жатақхана аш отырады десем артық айтқаным емес ) Әлбетте, тек студенттері. Ол дәуреннің өзі қызық еді-ау. Бұл жазбаң сол кездерді көз алдыма әкелді...

+0
27 желтоқсан 2011, 10:24

Pikirlerine ne bolgan, Mika:))))))))))

+0
27 желтоқсан 2011, 11:14

ал мен жатақта ТӨРТ жыл тұрдым ғой армансыз! :))

+0
27 желтоқсан 2011, 10:33

Шәкіртақы аз да болса көп көрінетін дүние ғой))) Бітпейтіндей болдай, кейін қалай таусылғанын да аңғармай қаласың)

+0
27 желтоқсан 2011, 10:49

Шәкіртақы түсті дегенді ести сала, банкоматқа "құстай ұшып", 20 мыңдықты ( + тиыны да бар ар жағында ) бас-аяғы екі сағаттың ішінде жоқ қылғаным есіме түсіп кетті-ау:)))) (айтпақшы, 1 айдыкі емес екенін жаза кетейін) Қыздар деген сол...

+0
27 желтоқсан 2011, 11:16

Ғани қайда! ҒАНИ!!!

+0
27 желтоқсан 2011, 11:35

Ойбой, менің стипуха алу тағдырым ровно 5 сағаттан соң шешіледі)))))))). Айтпақшы Ареке, жатақта қыздардан сұрап алған нан мен пиязды опырып отыратын кездерді есіме түсірдің ғо))))))

+0
27 желтоқсан 2011, 16:55

терезеге шығарып қойған ет-метті қалай ұрлайтынымызды жазайын дедім де, қойшы дедім. :)

+0
27 желтоқсан 2011, 22:03

Барлығы студенттік кезде аш жүретін ек дейді. Білмейм өзім төрт жыл студент кезде жатақханада тұрдым. Аллаға шүкір, аш жүрген күнім болмапты. Сондықтан сезіне алмай тұрмын постағы жағдайларды )))

+0
27 желтоқсан 2011, 23:26

Ардақ ҚҰЛТАЙ жақсы жазады... Әдемі әңгімелеріңді жиі жариялап тұршы!

+0
28 желтоқсан 2011, 10:18

Бірінші курста жатақханада тұруды қатты армандадым! Аралға күнде телефон соғып, жатақханаға тұрғым келетінін айта беретінмін. Әкем "иә" деген соң желтоқсан айының 4-де жатаққа көшіп бардым:)) Осы аштыққа сосын басқа нәрселерге шыдай алмай, 21 желтоқсанда қайта үйге көшкенім бар:))) Сол 15 күнде "нағыз студент болып" ем...:)

+0
26 наурыз 2012, 23:36

Ия, шынымды айтсам, ондайды басымнан өткеріп көрмеппін. 4 жыл үйде тұрып оқыдым. Ол аз болғандай ағам көлікпен әкеліп, қайта алып кететін, күтіп тұрып. Сондықтан, .......

+0
27 наурыз 2012, 00:13

Жатақханада екінші жылы тұрып жатырмын. Бірақ аштық дегенді сезініп көрмеппін. Шүкір деймін. Меніңше ақша орнымен, жөнімен жұмсалса бәрін де жеткізуге болады. Ал аштық меніңше көбіне жігіттерге қатысты айтылған болар.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев