ҒАШЫҚТЫҚ

ҒАШЫҚТЫҚ
жеке
блог

ҒАШЫҚТЫҚ... Ғашықтық деген дерт екен,
Ол дертің басы махаббат екен.
Махаббат деген зат емес,
Ұнамаса тастайтын.
Жүректерді жаралап,
Жараланған жүректер.
Қайтіп орнына келмейді,
Жазылмастан көпке дейін.
Таға көрсен оны сен,
Жүрегін тағы жылайды.
Қалады онда тағы із,
Жазылмасқа өмірлік.
Сондықтанда...
Сүйіңдер тек біреуді,
Қызықпай еш нәрсеге.
Болсың онда мейлі ақша,
Болсың онда машина.
Сүй өзіңді сүйгеңді.
Қызықпай еш мансапқа,
Болсың мейлі ол кедей.
Бірақ...
Ол кедей болса да, сені сүйеді,
Сондықтанда...Сен
оны бар жүрегінмен сүй,
Бұл өмірде барлығы -                                                                                                                  
шешілмейді ақшамен.
Ей, адамдар сүйіңдер -                                                                                                                                      
бұл өмірде,
Ақшаны емес
Адал адамдарды                                                                                                                                                
өздеріңді шын сүйетін.

МЕН НЕГЕ САҒАН ҒАШЫҚ БОЛДЫМ?
Ғашықсынба?
Сүйгеніне сүйетіңінді айттынба?
Айтпасан, ертерек айт,
Әйтпесе кеш болады.
Сүйіктімсіз маған дүние қараңғы.             
«Махаббат бар жерде көз жасы қатар жүреді. Адамның өмірі қысқа болғанмен, махаббаты ұзақ өмір сүреді. Әдемі әйелдің әлегі көп. Сорлының әйелі сұлу болады. Көрікті әйелдің күйеуінің көңілінен күдік арылмайды. Мені махаббаттың улы жыланы шақты аямай. Жаныма дәрі, дертіме шипа сен ғана! Бақыт – жеңіске жету. Махаббаттың жауабын махаббатпен алу – бақыттың шыңы. Шала піскен жүзімнен жақсы шарап шықпайды. Шала сезім махаббатқа ұласпайды. Сүйетін адам табу мен жоғалту өнерін де меңгеру дұрыс. Махаббат деген не? Махаббат – ештеңе сұрамай, бәрін беру. Сүйіп көрмеген – өмір сүріп көрмегенмен бірдей. Ғашықтықпен өткен күндер ғана - өмір, ал қалғаны-жай күндер». Махаббат- адам жүрегін нұрлы қуанышқа бөлеп, рухына қанат бітіретін ең күшті, ең тұрақты, ең асқақ сүйіспеншілік сезімі. Махаббат өмірдің мәні, жұпар шашқан гүлі, тамылжыған ән-жыры. Махаббатпен адамның күллі тіршілігі байланысты. Ол адамның ішкі әлеміндегі рухани сезімдерінің көрінісі ретіндегі жан күйі. Барлық әдемі, сүйкімді, шарапатты, ұлы істерге, ерліктерге адамды сүйіспеншілік сезімдері жігерлендіріп дем береді. Адам біреуді сүйгендіктен, я болмас біреудің өзін сүйетінін сезгендіктен немесе біреудің сүйіспеншілігінен үміттенгендіктен, оның бойын күш-жігер кернеп, биік мақсаттарға ұмтылады, асқан қажырмен және өнерпаздық жайшылықта қолдан келмейтін үлкен істер тындырыды.             

Махаббат деген кезде, көбіміздің көзімізге кино немесе том-том болып басылған кітаптардағы екі ғашықтың ғажайып хикаясы елестейді. Махаббат, ғашықтық деген не? Ғашықтық, махаббат туралы көптеген дастандар мен жырлар бар. Солардың бірі «Ромео–Джульетта», «Тристан–Изольда», «Қозы мен Баян», «Ләйлі мен Мәжнүн» сияқты аңыз жыр-дастандардан қос ғашықтың арасындағы мәңгі махаббат жайында оқып білдік. Солайда түсіндік. Өзіміз де сондай сәтті армандадық. Керемет ғаламат сұлуды кездестіргіміз келді. Шамамызға қарай кездестірген сұлу деген қызға өлдім-талдым, сенсіз өмір жоқ деп күйіп-пістік. Шабыттанып өлең шығарып, парақ-парақ хаттар жаздық. Жатсақ-тұрсақ сол қызды ойлап, ғашықтық дертімен ауырдық. Міне махаббат, па шіркін дедік. Одан өзгенің керегі жоқтай, басқа әлемде өмір сүріп жатқандай әуре-сарсаңға түстік. Ернінен бір сүюді армандап, жынды болдық. Мүмкін осы шығар–ғашықтық, осы болар нағыз махаббат? Ғашық болу, алғашқы махаббат... Ғашықтық – ғаламат сезімдердің бірі. Ғашық болған адам бір қиял ғажайып дүниеде өмір сүріп жүрген жан секілді, оның істеген іс қимылы, көңіл-күйі, барлығы өзгереді. Ғашықтық, сүю, құмарлық, бір жанды өлердей жақсы көру адамның ең ыстық сезімдері. Ғашық болғанда өзінің сүйген жанынды көру қуаныш болатын, ол сезімді айтып немесе жазып жеткізу мүмкін емес. Ол жанның күлкісі, әр мимикасы, іс-қимылы сен үшін қуаныш, бір жатқан бақыт. Махаббат – бұл өте өзгеше сезім. Бұл сезім әрі қуантады, әрі жылатады. Ең бастысы бұл сезімді басынан өткергенің қымбат. Ия, мұңдай сезімді басынан кешірген әрбір адам ғашығының алдында өзін ыңғайсыз сезінеді. Адамның өміріндегі ең бақытты сәттердің бірі – ғашық болу.          

Әрбір жанның ішінде өзі қалаған идеал адам болады, яғни ішкі қиялымызда біз сол адамды іздейміз. Мен үшін идеал болған адамға өзімнің сырыммен бөліскім кеп тұр. Солай мен бір қызға ғашық болдым. Сенімен алғаш танысқаным әлі есімде, содан бері бір жыл уақыт өтіпті. Менің өмірімдегі ең бақытты күндер сенімен сөйлескен, кездескен күндерім. Мен сенімен ғаламтор арқылы танысқан едім. Екеуміз бір-бірімізді бұрыннан танытындай тез тіл табысып кеттік. Саған қалай ғана ғашық болып қалғанымдыда білмей қалдым. Сенің де  маған деген сезімін тәп-тәуір еді. Сенің келбетің, сөйлеу мәнерін мені бірден баурап алды. Мен сені алғаш көргенде басқалардан ерекше екеніңді білдім. Сенің жаратылысың бөлек еді. Сен тамаша жан едің. Сол үшінде саған ғашық болдым. Қазір саған деген ғашықтығымды сөзбен жеткізу қиын. Сенде ғашық болып көрген шығарсын?! Ғашықтықты сөзбен жеткізу өте қиын. Ғашықтық бір ауру секілді. Күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырыласын. Күні-түні уақытым тек сені ойлаумен өтеді. Қайда жүрсем де, не істесем де ойымда, көз алдымда сен ғана тұрдың. Сені әр секунд, әр минут сайын сағынамын. Соны сен білсен екен, күні-түні біреу сені ойлайтынын. Жаным менің мен сені қатты жақсы көремін. Бірақ сен маған сенбейтін сияқтысын. Менің сені жақсы көретімді білесін. Сен менің өмірімнің тіреуі болдын. Адам үшін ауа, жүрек, күннің нұры, су аса қажет болса. Мен үшін аса қажет адам сенсің. Сенсіз өмір сүре алмаймын. Сенсіз ештеңе елестете алмаймын. Жүрегім тек сен деп соғады. Екеуміз ұрысып, ренжісіп қалғанда да ең бірінші болып мен телефон шалып, сенің алдында талай рет кішірейдім. Бірақ сен одан сайын шалқая түстің. Себебі сен көкірек едін... Ия, менде өркөкірек, өзімшіл едім. Бірақ намысымды жиып саған: «Кешір жаным, мен қателестім», - деп телефон соғатынмын.  Мен саған қанша ашулы болсамда, саған білдіртпеуге тырысатынмын. Сенің уайымдамағанынды қаладым. Сені ренжіткім келмеді... Бірақ күндердің күнінде бір мәселеге тоқтала алмай, екеуміз қатты ренжістік. Оның алдында да осындай келіспеушілік болған. Кімнің басынан өтпей жатыр?! Татуласатынбыз. Бірақ бұл жолы екеуміздің де шыдамымыз таусылды. Мәңгі махаббат, ғашықтық – қош бол! Әлі алдымнан талай қыз жолығар деп қатты қателесіппін. Мүмкін осы шығар – ғашықтық, нағыз махаббат?! Мен сен үшін бәріңе дайынмын. Мен саған деген ғашықтығынды дәлелдеу үшін бесінші этаждан секіру керек болса, ойланбастан секірер едім. Мен үшін өлімнен де қорқынышты зат барын сезбеппін, ендігіде сені жоғалту өлімнен зор қорқыныш.            

Бұрын менен «періштелер қайда болатынын білесінбе?» деп сұрағанда, мен үнсіз ойланып жауап бере алмайтынмын. Мен түсімде емес, өңімде періштені көрдім. Кәдімгі адам пішіндегі періште. Құдай менің тілек-қалауыма өз періштесін жібергендей. Ол менімен күні-түні тілдесті. Қазір сол періштелер қайда өмір сүретінің енді ғана түсінгендеймін. Менің періштем – сен екенсің! Мен үшін ең қымбат адам – өзінсің. Менің періштем кетіп қалды. Сол періштеге ғашықпын! Ол қайтып келеді... Сенемін саған. Енді мен үшін сенің бейненді көру, сөйлесу мен үшін тек қана – арман. Сол арманыма жетемін.           

Мен енді ешкімге ғашық болмаймын деп жүргенімде, тағы да ғашық боламын деп ойламаппын. Махаббат жолына бөлену өмірдегі ең ғажап сый. Шынымен де маған осыншама үлкен сезімнің болатындығын дәлелдегенің үшін саған, Аллаға, сені осы өмірге әкелген анаңа алғысым шексіз. Тек осы бақытым, бақытты күндерім, тәтті шақтарым аяқталмаса екен. Тек естелік болып қалмасыңшы. Екеуміз мәңгі бірге болсақ екен.            

Саған қатты бауыр басып кетіппін. Бір кездері екеуміз айырысамыз деген ой төрт ұйықтасамда түсіме кірмепті. Сенен айырылу маған қатты соққы болды. Сағындым сені... Сені көргім келеді, даусыңды естігім келеді. Солай саған телефон соғып, тек қана сенің даусынды естітінмін. Сен маған басқаны көптен бері сүйетінінді айтын. Бірақ өмірімнің онымен бірге болатынына үміт арта алмайтыныңды да айтын. Мені ұнататынынды, бірақ оны ұмыта алмайтынынды айтып екеуміз қоштастық. Менің бақ құсым сен едің. Сол бақ құсым қанатын қағып, басқа бір жанға ұшып кеткендей, мені емес сол жанды бақытты ету үшін... Мен осы өмірге ғашық едім. Менің осы өмірде өлердей ғашық болған адамым – тек өзінсің. Менің арманым да, болашағым да, қуанышым да, күлкім де, бақытым да сен едің. Қазір мен «өлген адамдаймын», «иә мен тірі өлікпін, сүйіктім мені өлтіріп кетті». Гүл күнді қалай сүйсе менде сені солай құштарлана ессіз сүйіп едім. Бірақ  сен мені басқа біреуге байлық үшін айырбастап кеттің. Кейін білдім ол сені жақсы көрмейді екен. Онында басқа сүйетіні бар екен, ол сен емес екенсің... Мен мұңаймадым... Тек жай ғана көз жасымды ешкімге көрсетпей, білдірмей жылап та алдым. Себебі сенде мен сияқты бақытсыз екенсің. Сонда да тек сен үшін ғана өмір сүрдім. Құдайдан сенін жыламағанынды, бақытты болуынды тіледім. Бұл өмірде шын ғашықтыр, қос жүрек канша бірін-бірі сүйгенменен қосылмайды екен... Шын сүйсең, адал сезім тауысылмайды екен... Мына қысқа өмірде мәңгі өмір сүрмесекте. Махаббат ешқашанда өлмесе екен... Уақыт өте есіміңді де ұмытармын. Жүрек шіркін ешқашанда өзіңді ұмытпайды. Бірақ енді сен маған, мен саған жоқ екенімді де білем. Енді сен мендік емессің. Бірақ сенің есімін менің жүрегімнің терең түкпірінде сақтаулы, өмір бойы сені ұмытпаймын. Адамдар бірін – бірі жақсы көріп тұрып та бірін-бірі жоғалтады екен:            Мен сені сүйемін, Сен сүйесін басқаны. Мені сүйеді тағы – біреу,         

Мен сүйемін, оны емес басқаны.         

Мына өмірде адамдар махаббатты не деп түсінеді? Оны жоққа шығарады. Сенгісі де келмейді. Махаббаттың етегіне мың мәрте жабысқаныңмен талабы биік қарымтасыз сезім шыңына шығу өлімді талап етеді. Адамдар шынайы сезімді емес, адалдықты емес, жеткен жетістігі арқылы махаббатты орнатқысы келеді. Қоғам өміріндегі адамдар арасындағы қатынаста шынайы махаббат бар ма? Жоқ, күншілдік өмір үшін екіжүзділік қатынас орнатқысы келеді. Құдай жаратқан сол бір махаббат сезімін мәңгі бақи ту етіп қалдырады.         

Сенімен бірге өткізген күндеріме де, саған ғашық болғаныма да ешқашан өкінбеймін. Бір апта өткеннен кейін сен маған телефон соқтын. « Неге екенің білмеймін, сені ұмыта алмай жүрмін. Ақымақ болыппын, кешірші мені! Бұлай етпеуім керек еді, осыған бола екеуміздің достығымызды ажыратқым келмейді. Мені сүйетінінді айтып, менімен тағы бірге болғын келетінінді айттын.» Мен қуандым: «Мүмкін, сенің жүрегінді әлі де баурай алатын шығармын деп ойладым. Сүйгенім өз аяғымен жаныма келіп тұр ғой. Алыста болса, не мүлдем басқа жақта жүрсе қайтер едім?» Мен көп ойланып бір шешімге келдім. Егерде сен менімен күнде сөйлесіп, даусымды еститін болсан мені ұмыта алмаушы едін. Бір рет қателескен адам, тағы да қателесуші еді. Тағы да мені біреуге айырбастан кететін едің. Бірақ оған мен көзімді жұмып, сені кешіруші едім... «Сені ұмыта алмай жүрмін» деп жазғанынан, сен өз қателігінді білгенінді түсіндім. Сен мені шын сүйетінінді білдім.. Себебі мен үшін ең басты орында махаббат емес мансап тұрған еді. Мансапқа жету оңай емес. Ол үшін көп уақыт пен ерінбей еңбектену керек. Сен мені сонша көп уақыт тоспайтын да шығарсын. Мен сенің бақытынды байлағым келмейді. Сондықтан сен мені  ұмыту үшін осындай ойға келдім... Екеумізгеде сол жақсы. Сен үшін бақыт – байлық болса, менің бақытым сенсің. Сондықтан сенің бақытты болғанынды қалаймын. Сол үшін сенімен ақырғы рет кездесіп, қоштастым. Сені жақсы көретінімді, ұмыта алмайтынымды мойындай отырып, сенің алдында кішіремей, төмендік жасамай, өз дәрежемде кеттім деп ойлаймын. Сенің солай түсінетініңді де білем. «Сенен бәрін күтуге болады», деуші едің ғой. Солай, жаным, менен бәрін де күт! Әрине тек жамандықтан басқасын. «Кейде алдымызда жабық тұрған есікке кездессек, өзге есік біз үшін ашылады. Тек бір өкініштісі біз жабық есіктің алдында үмітпен күтіп тұрғанда, біз ашық есікті байқай бермейміз... Тек сол кездері маған да өзге есік ашық тұрғанын мен байқамаппын...»  Маған да мені шын сүйетін, маған өлердей ғашық адам кездесер...          

Ия, мен шынымен де саған ғашық болған едім. Ең өкініштісі, саған сезінген бұл тәтті сезімді мен өткен шақпен айтуым, еске түсіруім... Бәлкім, қазір басқа жанмен қол ұстасып, бақытты да шығарсын. Қазір мен сені осылай есіме алып отырғанымда, сенің есінде мүлдем жоқ та шығармын. Сол сәттегідей мен сенің жүрек лүпіліңді, «жаным» деген сөзіңді енді ешқашан ести алмаймын. Күндердің күнінде екеумізді Құдай жолықтыратын шығар. Бірақ сол сәтте бір-бірімізге қараған ғашықтық көзқарастың орнын бейтаныс көзқарас алмастырады. Сен мені танырсың, мен де сені танырмын, бірақ үнсіз ғана өте шығармыз.             

Енді түннің бір уақытына дейін мен сені ойлап, армандамаймын. Сен де мен туралы ойламайсың, менің орынымды басқа бір жан басқан болар. Бүгін мен сені ақырғы рет есіме алып. Қимай жүрегімнен өшірдім. Мүмкін сен мені жай ғана ұнатқан боларсың, алайда таныстығымыздың осы кезеңі бізге қуаныш сыйлады, енді бұл сәт екеуміз үшін де естелік, қайта келмес уақытқа айналды. Иә, мүмкін мен сенің шынайы болмысына емес, жасанды бейнеге ғашық болған шығармын. Ең бастысы мен сені ұмыттым. Енді менің жүрегім бос. Бірақ онда сенен басқа ешкімге орын жоқ... Мендегі жаралы жүрек енді махаббатқа сенбейді, енді ешкімді сүймейді. Жақсы көру мен жек көрудің арасы бір-ақ қадам екен. Сенімен болған кездерімді жақсы көріп есіме аламын. Сен мендегі махаббатты өзін оятып, өзін өлтірдің. Енді мен ешкімге ғашық болмаймын. Сенімен сөйлескен әрбір сәт мен үшін енді естелік. Бірімізді-біріміз бағалай алмаған сияқтымыз. Сені бүгін соңғы рет есіме алып отырмын, сол кезде басымнан кешірген сезімді пәк қағаз бетіне түсірдім. Мәңгі сені ұмытпастан есімде сақтаймын. Сен менім қошақаным боп қала бересің. Сенен артық жан жоқ деп ғашық болдым, мен не болсам болайын, сен аман бол. Саған деген сезімім кіршіксіз, адал болды. Өмірімде бірінші рет өлердей ғашық болып, сүйген адамым сенсің! Сен өлең айтқанды жақсы көруші едің ғой... Енді сол арманын орындалып, жұлдыз болғанынды Құдайдан тілеймін, Әмин. Бақытты бол! Енді сен тек осы ақ парақ пен саған арнап шығарған өлеңімде ғана естелік болып қала бересін.Мен неге саған ғашық болдым?Мен неге дауысынды естуге асық болдым?Сен мені өзіне ғашық еттің,Солай өзіне арбап кеттің.Білмеймін бұның арты не боларын,Білерім тек өзінді сүйемін шын.Сен үшін мен бәріңе дайынмын ғой,Дайынмын мына өмірден кетуге де.Бірақ соны сен білесің бе?Мағанда махаббатпен жауап бересің бе?Мені де мен сияқты сүйесін бе?Мен үшін жанынды да бересің бе?Мен саған деген ғашықтықтан - ауру болдым, Сенің дауысыңды бір сәт естімесем - жынданып кететіндей болдым.             

Өмірімді жаңа таза парақтан бастау үшін өткенімді, сені ұмытам. Бәрін басынан бастаймын. Енді мен сені емес, өмірді сүйемін. Мен енді өзгеремін... Өзгердім. Бірақ онда сен болмайсың. Өткен шақпен өмір сүруді доғардым. Енді мен үшін сен өмірде жоқ адамсын, мен үшін болғанда емессің. Өмірде өткенімді есіме алып өткеніммен өмір сүрмеймін. Өткенім өткен, қайтіп келмеске. Өткенімді ұмытам. Тек бүгінім мен ертеңім, болашағым үшін ғана өмір сүремін. Өмір жалғасуда. Өмірде бәрі болады. Бәріңе шыдаймын. Алдыға қойған мақсатым мен арманыма жетемін. Менің жүрегімде тас болып қатып қалған қыс сияқты сұп-сұр боп ешкімге жібімей қатып қалған антрактида мұзындай қатпар-қатпар ренішім мен өкпемді жібітіп өміріме қайта көктем сыйлай алатынын махаббатымды кездестіремін. Өзімді сүйген жарымды жолықтырып. Егіз баланың әкесі болам. Инш, Аллах. Бәрі жақсы болады.           

Сондықтан да, қыздарға, жігіттерге айтарым: Ғашық болыңдар, Ғашық болыңдар! Ғашық болу да өмірдің бір қызығы. 

04. VII. 2014