Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Шынайы өмір

Шынайы өмір

Шынайы өмір

Адам өмірге келген соң, бәрін білмекке құмартады. Рухани жағынан, материалдық жағынан, физикалық жағынан өсуді аңсайды. Алдына мақсат қойып, соны орындауға бар күш-жігерін сарпиды. 

«Мен кеше өз ақшама көптен ойлап жүрген күміс сырға сатып алдым, ертең одан қымбат алтын сырғаны алғым келеді» немесе «Анау компанияға ақыры құрылысшы болып кірдім, енді жалықпай еңбек етіп, бригадир болуға тырысамын» деген сияқты, бір мақсатымызды орындап, одан жоғарысына қол созамыз.

Александр есімді досым айтады: «Бастауыш сынып оқып жүргенде жоғарғы сыныпқа тезірек өткім келді, себебі онда араласатын достарым болды, бір қызды ұнаттым. Кейіннен 8-ші сынып оқып жүріп, колледжге түскім келді. Сол сияқты, бірінен соң бірі жалғасып өте берді. Түні бойы ұйықтамаған кездерім болды, есірткіні де пайдаландым, бірнеше жерде жұмыс істедім, өміріме еш көңілім толмады»... Інісінің кенеттен қайтыс болуы оның өмірін күрт өзгерткенін айтады. «Қазіргі күніме шүкіршілік етемін» дейді.

Бірде Махаббат апайым айтты: "Сенің жүрегіңе сәйкес келетін кілт табылса, нағыз бақыт сонда" деп. Оның жүрегіне дәл келген кілт – Иса екен. Апайым Кореяда басынан өткен қиын сәттерін еске алғанда, өмірдің тосын сыйы бір сәтте екенін ұқтым. Сол қиын кездерде Махаббат апай Құдайға жалбарынуын тоқтатпаған. Үмітін еш үзбеген.

Біздің сеніміміздегі «Алла ең жақсы көретін құлын ғана қинайды» деген сөз бар ғой. Апай қазір Сәкен ағамен бірге бақытты өмір сүруде. Осы отбасыға қызыға қараймын. Бізге өз балаларындай махаббатын сыйлайды. Менің болашақ отбасым сондай сүйіспеншілік пен сыйластыққа толы болса екен деп армандаймын...

 Кейде осы күніме шүкір деймін. Бір тілім нан жей алмай жүрген қанша жан бар, далада күні бойы «балам үшін» деп нәпақасын тауып жүрген қаншама әке мен ана жүр? Су таппай, аптапта аузы кеуіп, жанын шыдап бағып жүрген Африкадағы сәбилерге қарағанда, шүкір... Қазақстанда тұратынымыз өзімізге ұнамайды, өз-өзімізді аяқтан тартып, бір-бірімізді жамандағаннан ештеңе ұтпайтынымызды, сол ғайбат сөздеріміз үшін ақыретте жауап беретінімізді білсек те, тоқтар емеспіз.

Бақытты бағалай білейік. Бақытсызбын деп айту әбрір жанға күнә. Бақытты өз қолыңмен жасайсың, саған ешкім келіп, «Мә, мынау саған – бақыт» деп әкеліп бермейді немесе сатып ала алмайсың. Бақытты екеніңе сен. Жақсылық жаса. Бүгін сен жақсылық жасаған екі адам ертең төрт адамға жасайды. Жақсылық пирамидасын өз қолыңмен тұрғыз.

Осыдан тура бір жыл бұрын мына жерде былай жауап беріппін:

Қазір тура сол жолмен өзіме ұнайтын жұмысыма келіп жүрмін. Иә, тура сол жолмен Массагетке келемін. «Айтқан сөз атылған оқпен тең». Армандай біл. Сол арманыңды іске асыруға қазірден бастап әрекет ет. Есіңде сақта: мүмкін емес нәрсе жоқ!

Кейде осылай ақыл-ой сабағын өткізіп кетем. Алдында өткен өмірімде кім болғаным туралы бір қазақша сайттан қарасам (сол жерде шығып еді ғой, "Роза Рымбаева аңшы болған" деп), орта ғасырлардағы атақты философ болыппын. Соның кішкене жұғындысы қалыпты) 

                                                                                                                                      Сурет: vk.com

14
Рейтинг: +8

Автор: Yerke Smaghul
Жазылған уақыты: 05 тамыз 2014, 23:18
Тегтер: өмір, бақыт

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.